«РЕАЛ» ЗИДАН КЕЛГЕННЕН КЕЙІН: БЕС ӨЗГЕРІС

1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (6 дауыс, орташа: 4,33 / 5)
Загрузка...

ЗИДАН

Зинедин Зидан «Реал» бапкері болғаннан бері бес ойынның ешқайсысында жеңілген жоқ. Сіздердің назарларыңызға Зидан өзгерткен бес жаңалықты ұсынамыз. 

ИСКО НЕГІЗГІ ҚҰРАМДА

Иско бұл маусымда ойынға өте сирек шығатын. Бірақ Зидан 23 жастағы футболшыға үлкен үміт артты. «Реал» жанкүйерлері «Малаганың» бұрынғы жартылай қорғаушысының керемет ойнайтындығын естеріне түсіре бастады. Зидан келгеннен бері Иско алаңда 379 минут ойын көрсетті. Ал Бенитестің кезінде бар-жоғы 12 минут алаңға шыққан.

СЕНІМДІ ХАМЕС

Хамес Родригес осы маусымды сәтсіз бастады. Колумбиялық футболшы Зиданның келуімен алғашқы екі ойында негізгі құрамға ілінбеген. Ал одан кейін өзінің негізгі құрамдағы заңды орнына қайта оралды. Енді оны ешкімге бергісі келмес. Гарет Бэйлдің жарақаты оған негізгі құрамға енуге көмегін тигізді. Енді 24 жастағы валлиялық алаңға оралған соң, Хамеспен негізгі құрамдағы орынға таласары сөзсіз. «Эспаньолмен» (6-0) болған ойында латын американдық «Реал» үшін 8 қарашадан бергі алғашқы голын соқты.

МОДРИЧТІҢ ӨЗ ОРНЫНА ҚАЙТЫП КЕЛУІ

Зидан келе салысымен алаңның орта шебін Тони Кроос пен Лука Модричке сеніп тапсырды. Неміс алаңда ортадан сәл төменге, хорват ортадан сәл жоғары орналасты. Карло Анчелоттидің кезінде де осылай болған. Жексенбі күні «Реал» «Гранадаға» қарсы ойында матчтың аяқталуына соңғы 5 минут қалғанда 30 жастағы Модрич алыстан тоғыздыққа топ еткізіп, «корольдік клубқа» жеңіс әкелді.

БЕНЗЕМАНЫҢ КҮШЕЮІ

Карим Бензема өзінің әріптестеріне керемет көмектесіп, бапкерлердің көзіне түсіп жүр. Зизу командаға келгеннен кейін Бензема жеті гол соқты. Алғашқысы «Депортивоға» қарсы ойында салды. Жексенбіде «Лионның» бұрынғы шабуылшысы «Гранадаға» қарсы ойында есеп ашып, осы маусымда Примерадағы 18 ойынын өткізіп, 19-голын соқты.

КАРВАХАЛЬДІҢ ОРАЛУЫ

Зидан «Реалды» тек қана шабуылда ғана жақсартқан жоқ. Ол Карвахальды Данилоның орнына қойып, бұрынғы қалпына келтірді. Испаниялық футболшы қатарынан екі матчта керемет ойын көрсетті. Үш нәтижелі пастың авторы атанды. Тек жалғыз ойында ғана негізгі құрамға ілікпей қалды. Ал ол матч тең нәтижемен аяқталған еді. 24 қаңтарда «Бетиспен» (1-1) болған ойында «Реал» жеңіске жете алмады.

comments powered by HyperComments