ЛИЛЛЕХАМЕР-2016. ТҰРСЫНБАЕВА ҚЫСҚА БАҒДАРЛАМАДАН КЕЙІН ЕКІНШІ ОРЫНДА ТҰР

1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (4 дауыс, орташа: 4,75 / 5)
Загрузка...

Элизабет Тұрсынбаева

Норвегияның Лиллехамер қаласында  жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиада өтіп жатыр. 

Мәнерлеп сырғанаудан қыздар арасындағы сынның қысқа бағдарламасы бойынша қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева 59,11 ұпай жинап, екінші орында келе жатыр. Көш басында 60,87 ұпаймен жапониялық Юна Шириява тұр. Үздік үштікке латвиялық Диана Никитина енген — 58,81.

Қыздар арасындағы сынның негізгі бағдарамасы 16 ақпанда өтеді. Жеңімпаз осы күні анықталады.

Қазақстан әзірге бұл олимпиадада бір қола медаль иеленді. Оны биатлоншы Арина Пантова жеңіп алған еді.

Элизабет Тұрсынбаева

comments powered by HyperComments
ЛИЛЛЕХАМЕР-2016. ҚАЗАҚСТАН 21-ОРЫНДА ТҰР - Аламан - Ұлттық спорт порталы
2016-02-16 08:57:18
[…] Бүгін, 16 ақпанда мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева негізгі бағдарламаға қатысады. Әзірге ол қысқа бағдарламадан кейін 2-орында тұр. […]
ЛИЛЛЕХАМЕР-2016. ТҰРСЫНБАЕВА - ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР - Аламан - Ұлттық спорт порталы
2016-02-16 22:28:25
[…] негізгі бағдарламада 108,77 ұпай алды. Ал күн бұрын қысқа бағдарламада 59,11 ұпай жинаған. Қоссайыс қорытындысы бойынша […]