ҚЫТАЙДА ЖОЛДАМАҒА ТАЛАСАТЫН БОКСШЫЛАР БЕЛГІЛІ

1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (4 дауыс, орташа: 5,00 / 5)
Загрузка...

Әділбек Ниязымбетов

24 наурыз — 3 сәуірде Қытайда бокстан олимпиадалық іріктеу жарысы өтеді. Бұл сынға Қазақстаннан қатысатын боксшылар есімі белгілі.

52 келіде Азия чемпионы Олжас Сәттібаев, 56 келіде 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Қайрат Ералиев, 64 келіде жасөспірімдер арасындағы олимпиаданың чемпионы Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде 2013 жылғы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы, 81 келіде Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, +91 келіде Иван Дычко жолдамаға таласады.

49 келіде Біржан Жақып, 60 келіде Берік Әбдірахманов, 69 келіде Данияр Елеусінов, 91 келіде Василий Левит жолдама иеленген.

Қыздар арасында жолдама үшін әлем чемпионы 51 келіде Назым Қызайбай, 60 келіде Назым Ишанова, 75 келіде Дариға Шакимова шаршы алаңға шығады.

 

comments powered by HyperComments
Қытайда жолдама үшін бақ сынайтын боксшыларымыздың есімдері белгілі болды | Қазақ газеттері
2016-04-11 01:05:07
[…] 24 наурыз — 3 сәуірде Қытайда бокстан олимпиадалық іріктеу жарысы өтеді. Бұл сынға Қазақстаннан қатысатын боксшылар есімі белгілі болды, деп хабарлайды alaman.kz. […]