Бүгін: 23/10/14

Ержан МҮСӘПІРОВ, «Астана арланы»: Басшылардың қоңырау шалғанын күтіп жүрмін

Уақыты: 22-Мамыр, 2012 || Бөлімі: Бокс || 3 897 рет оқылған || Пікірлер саны: 9
1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (3 дауыс, орташа есеппен: 5,00 / 5)


Әлемдік бокс сериясы (WSB) аясында екі жыл бойы өнер көрсеткен «Астана арландары» командасының тарап кету жайында көптеген пікірлердің айтылуы соңғы кезде толас-тар емес. Әрқайсысы жан-жаққа тартып әлек. Ал команданың спортшылары қайда? Қазір немен айналысып жүр? Осы бағытты ұстанған біз кәсіпқой клуб құрылғаннан бері команданың намысын қорғап жүрген Ержан Мүсәпіровпен тілдескен едік.

 

 

–     Ержан, әңгімемізді төтесінен қойсақ. Қазір қайда жүрсің?

– Қарағандыда, әке-шешемнің жанында.

– Сені шаңырақ көтереді деп жатыр…

– Кімдер?

– Саған жанкүйер болып жүргендер.

– Отау құру ойымда бар болғанымен, биыл емес.

– Сонда немен айналысып жүрсің?

– Жәй ғана жүгіріп жүрмін. Анда-санда доп теуіп қоямын. Спорт залға аяқ басқан жоқпын.

– Неге?

– Өзіме әзірше демалыс жарияладым.

– Биыл «арландар» сапында сені көреміз бе?

– Шақырса, әрине көресіздер. Басшылардың қоңырау шалғанын күтіп жүрмін.

– Басқа командалардан ұсыныс түскен жоқ па?

– Жоқ. Түскеннің өзінде бармас едім. Себебі, мен қазақпын, қазағыма керекпін деп ойлаймын.

– Бәрекелді. Бірақ, соңғы кезде «Астана арландары» клубы тарап кетеді» деген қауесеттер жиі айтылып кетті ғой.

– Иә, оны білемін. Бірақ, менің ойымша кәсіпқой бокс қазаққа керек-ақ.

Дерекнама

Ержан Баязитұлы Мүсәпіров 1985 жылы 13 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Бойы – 168 см, салмағы – 61 келі. Әуесқой бокстан Қазақстан біріншілігінің күміс (2009 жылы) және қола (2008 жылы) жүлдегері. Польшада өткен Халықаралық турнирдің жеңімпазы. Спорт шебері. Әуесқой бокста 216 кездесу өткізіп, 196-сында жеңіске жеткен. Ал кәсіпқой бокста 11 кездесу өткізіп, 6-уында жеңіске жеткен.

 

– Қандай мақсатта?

– Біріншіден, «арландардың» сапында қазақ боксшылары көп. Оның үстіне біздің әрбір кездесуімізге жанкүйерлер көптеп келді ғой. Бұл дегеніңіз халық арасында кәсіпқой боксқа қызығушылық бар деген сөз.

– Ержан, «Астана арландары» сапына қалай қабылдандың?

– 2010 жылы Алматыда Сағадат Нұрмағамбетов атындағы халықаралық турнирде жеңіске жеткеннен соң команданың бас директоры Болат Манкенов ұсыныс жасады. Келісімшарт бізге, яғни бапкерім Вячеслав Титовский екеумізге ұнады. Төлейтін ақшасы да қомақты. Ең бас-тысы, Олимпиадаға жолдама алу құқығы бар екенін білдік.

– Бар болғаны сол-ақ па?

– Жалпы, әлемдік бокс сериясы (WSB) аясындағы турнирге Қазақстан атынан команда шыққанына қатты қуандым. Себебі, мұндай турнирге ақша төлеп, кез келген ел өнер көрсете бермейді. Тағы бір айтарым, бұл турнирде бокстан Қазақстан құрамасы үшін Лондон Олимпиадасына жолдама алуға мүмкіндік туды. Соның нәтижесінде Қанат Әбутәліпов Олимпиада жолдамасына ие болды. Тағы бір жағымды тұсы, WBC, IBF, WBO, IBO, IBC чемпионы болуды мақсат тұтып, кәсіпқой боксқа өтсең, онда рейтингің де жоғары болады. Қай қырынан қарасақ та, бұл жоба тиімді болды.

–  Сыйақы демекші, «арландардың» сапында жүріп жағдайыңды жақсартып алған шығарсың?

– Команда әр жеңіске 5 мың, ал жеңіліске 1 мың АҚШ долларын берді. Бір қызығы айына алатын жалақымыз бар болғаны – 1 мың доллар. Сөйтсек, мұндай жүйе тек бізде ғана емес, барлық кәсіпқой клубта бар екен. Себебі, бұл – коммерциялық жоба. Осы жүйе арқылы боксшылар ақша табуға мүмкіндік алады. Әрине, спортшыға сыйақы артық болмайды ғой. Әке-шешем зейнеттегі адамдар. Екі ағам Қарағандыда өз шаруаларымен айналысады. Сондықтан тапқан табысыма ортақтасатын адамдар көп-ақ.

– Білікті боксшының ойынша қай бапкердің шеберлік қоржыны комақты?

– Әр бапкердің өзіндік бір әдісі бар. Маған Вячеслав Титовскийдің бапкерлік тәсілдері ұнайды.

– Жеке бапкерің Титовский «арландардың» сапында ма?

– Жоқ, ол Қарағандыда.

– Қорғана жүріп шабуылдау әдісін қай кезден бастап қолданып жүрсің?

– 2008 жылдан бері.

– Мұны сұрап жатқан себебіміз, сенің қорғана жүріп, шабуыл жасау стиліңе кейбір бокс мамандары сын айтады. Бұған не айтар едің?

– Бұл тактикам өзіме ұнайды. Алдағы уақытта да осы әдіспен жұдырықтасамын. Ал сынайтындар сынай берсін. Ең бастысы, бұл әдісті бапкерім екеуміз ақылдаса келе шешкенбіз.

– Республика біріншілігінде алтын медальға қол жеткізе алмай жүрдің? Бір рет қола жүлдені еншілесең, келесі жылы күміс медальді қанағат тұттың. Ержанның боксшы ретінде еңбегі лайықты бағаланбады ма, әлде бабы кем соқты ма?

– Бақ пен бап қатар келмеген болар?.. Әйтпесе, барлық жағынан осал болмадым. Әсіресе, физикалық тұрғыдан ешкімнен кем түспейтінімді білемін.

– Әуесқой бокстан гөрі кәсіби бокс сенің тынысыңды бірден ашып жіберген тәрізді. Әлемдік деңгейдегі бокс додасы саған несімен ұнайды?

– Әуесқойда құрамаға іліксең жыл он екі ай жаттығу жасауыңа тура келеді. Әр жарыста төрт-бес кездесу өткізесің. Мұның барлығы боксшыға ауыр. Ал кәсіпқой    бокста тек керегіңді ғана үйренуге болады. Бұл жерде демалыс алуға да мүмкіндік бар.

– 60 келідегі салмақ қарағандылық боксшылардың еншісіне жазылған сияқты. Мысалы, Серік Елеуов Афины Олимпиадасында қола жүлдегер атанды. Тағы бірнеше жас боксшылар бар…

– Қазір қандай екенін білмеймін, мен барда Серік Елеуов бірінші нөмірлі боксшы-тұғын. Мен Серікке қарап өстім. Жалпы, облыста бірнеше салмақта бәсекелестік жоғары деп айта аламын. Себебі, Қарағандыдан бөлек, Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қалаларының бокс-шылары жоғары деңгейде.

–  2010-2011 жылдың маусымында әлемдік бокс сериясы аясында барлық қарсыласыңды жеңіп, рейтингте көш бастадың. Алайда, келесі жылы сүреңсіз жұдырықтасуыңа не себеп?

– Осы жолы шаршаңқырап қалған сияқтымын. Мүмкін демалыс керек пе еді. Оның үстіне менің барлық кездесуім түзде болды. Сондықтан өз жерінде жұдырықтасқан боксшылар барын салып бақты. Төрт кездесудің тек біреуінде ғана жеңіске жеттім. Енді кеткен есені осы жолы қайтарамын деп ойлаймын.

– Лайым солай болғай, әңгімеңе рахмет!

Әңгімелескен Бекболат АБЗАЛҰЛЫ

«Sport» газеті

 

Тегтер: ,

Пікірлер саны: 9

  1. Bazar jook osi jygit talai ymitimzdi aktagan edi endi aldagy uakittada tek kazak bolp oner korsetip jeniske jetyne bilektes bolamzgo

  2. Оңғар: Ертіс:

    Ержан мыкты да дарынды боксшы!

  3. Маке:

    Ержан, касипкой ринге шыгатын болсан желпилдеген шашынды алып тасташы? ьул туралы былтыр да жазган едим. Себеби саган соккы тисин тимесин шашын желпилдеп соккы алгандай асер калдырады торешилерге№ Онын устине шаш дурыс шаш болса осиру керек те, сеникендей суык шаштын тукке кажети жок.

  4. Базар нет боксшы и сосн маке дурыс айтады базар нет

  5. Қымбат:

    Ержан жарайсың! Біз сенімен мақтанамыз!

  6. Гулмейрам:

    Ержан мен ушин алемдеги екинши орындагы азамат!бириншиси папам!

  7. Гулмейрам:

    Почтасын калай тапсам болады?халайык,комектесиндерши?!:(

  8. Гулмейрам:

    Мен билетин шаш улгиси адеми койылган жигит Ержан.журген жеримде шашын айтып журем

  9. айдар:

    Ержан мыкты боксшы,арландардын курамыа шакыру керек



Please note: Comment moderation is enabled and may delay your comment. There is no need to resubmit your comment.

Сәйкес мақала

БҮГІНГІ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Фотобаян

2Dgr0i35iuo