Бүгін: 23/08/14

ҚУАН, ҚАЗАҚ! ӘЛЕМДЕГІ СПОРТЫ ДАМЫҒАН АЛПАУЫТ ЕЛМІЗ!

Уақыты: 12-Тамыз, 2012 || Бөлімі: ОЛИМПИЗМ || 6 446 рет оқылған || Пікірлер саны: 91
1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (10 дауыс, орташа есеппен: 4,50 / 5)

Лондон олимпиадасы тарих қойнауына кетті. Көңілде қуаныш, өкініш, жұбаныш, қыжыл, тіпті әттең-ай да бар. Дегенмен, қуаныш көп. Жеті алтын қоржында. Сонымен, жарты ай әлемді өзіне қаратқан олимпиаданы қорытып көрсек…

Руслан МЕДЕЛБЕК

Жалпы есепте Қазақстан он екінші орынды иеленді. ТМД бойынша Ресейден кейін екіншіміз. Ал Азия бойынша төрттікке ендік.

АЛПАУЫТТАРДЫҢ АЛДЫНДАМЫЗ

Әлгі, Украина, Голландия, Испания, Швейцария, Куба, Иран, Жаңа Зеландия, Чехия, Бразилия, Канада, Дания, Түркия елдері шаңымызға ілесе алмай қалды. Қазақ елі Жапония, Франция, Германия, Италия, Венгрия сынды алпауыттармен үзеңгі қағысты.

АЛТЫНҒА ПАРА-ПАР ҚОЛА ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ АҚЖҮРЕК ТАҢАТАРОВ

Пекинде 29 орынға қуанып, бөркімізді аспанға атқан едік. Енді 17 саты жоғарыладық. Сиднейдегі 22 орында енді ескі нәтиже. Қазақ елі спорты дамыған он бес елдің қатарында. Ондыққа енуге, әттең, бір алтын жетпеді. Дегенмен, бұл нәтижеге шүкіршілік…

БАТЫРЛАР ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

Олимпиаданың алғашқы күні сәтті басталды. Аяғы да тәтті аяқталды. Ауыр атлеттерге ел алғысы шексіз. Төрт алтынның иегері қашанда төрден орын алу керек. Бұл жерде ұлт мәселесін қаузамай қойсақ… Бәрі біздің батыр. Ал Винокуров пен Рыпакованың алтыны да Алашқа ардақты. Он екі жыл бойы велоспорт пен жеңіл атлетикадан жүлде алмаппыз…

АЛҒАШҚЫ АЛТЫННЫҢ ДӘМІ ҚАШАНДА ТӘТТІ

АЛТЫНЫМ СОЛ!

Ал Серік Сәпиевтің алтынының жөні бөлек. 69 келі салмақ қазақтың меншігінне айналды… Дәстүр мың жылдық болғай. Баркер кубогын иелену жағынан Кубаны артқа тастадық. Бұл да қазақ боксының күрзі жұдырығының мықты екенін аңғартса керек.

ЗІЛТЕМІР ИЛЬЯДАН ЖЕҢІЛДІ

Күміс алған Әдөкке  (жанкүйерлер Әділбекті осылай атайды) де жарайсыңды айтсақ жарасады. Әлгі, Біржан Жақып пен Ілияс Сүлейменовке де алғыс шексіз. Қазақ боксы тірі! Айтжанов өз сөзінде тұрды! Білікті бапкер екендігін дәлелдеді. Алексей Ни мен Түркелери бапкерлер қандай атаққа болса да лайық!

ҮШ БАТЫР

Қола алған үздіктерімізге де алғыс шексіз. Жүректерге шаттық ұялатқан Ақжүрегіміздің жеңісі, Вольнованың шаршы алаңдағы ширақ қимылдары, Дычконың жүлдесі, Манюрова пен Гаджиевтің кілемдегі төккен тері жанкүйер жадында қалмақ.

ВОЛЬНОВА ДА ЕРЛІК ЖАСАДЫ

Бұл жеңіс енді Алтай мен Атыраудың арасында талай күнге әңгіме болмақ. Рамазан айымен келген бұл қуанышты сәтті, Алланың қазаққа төккен нұры деп білдік.

Жеті алтын! Қазақ жұртының көз жасының өтеуі. Тарихтағы талай таяқтың өтемі бұл… Кімге есе қайтарғанымызды айтпай қоялық…

ӘТТЕГЕН-АЙ…

Ұтылдық… Үміт үгілді. Татами төріне қанша күн телмірсек те, жүлде түспей қойғаны. Раков тұғырдан омақа асты. Кейін балуандардың жолы болмады. Жүлде алуы тиіс, тіпті чемпиондық атаққа үміткер үздіктер боз кілемді сыйпап қалды. Ешкімді сөкпеспіз, бірақ шашылған теңгенің өтемі қайда? Бокс, ауыр атлетика, дзю до, күрес түрлерінен мемлекет қаржы аяған жоқ… Демек, кімнің жұмысы оң екенін олимпиада айқындап берді. Бапкерлерді ауыстыру немесе шетелден маман шақыру мәселелері қазірден қарала бастады. Бастысы, «жеңілгендердің жарақаты болып еді», «үш кездесуде шаршап қалды» деген сылтауға нүкте қою керек. Олимпиадаға барған спортшы мықты болса жарақат сөз емес…

ТУРИСТЕР

Лондонға құр барып, Олимпиадаға қатыстым деп мақтанатындар да бар. Бірінші кезекте, ескек есушілер, бессайысшылар, гимнастика шеберлері Лондонға турист ретінде барып қайтты. Бұл қатарға, дзюдошылар мен теннисшілердің қосылып кеткені өкінішті… Мергендердің атқан оғы далаға кеткені де «мерген халықпыз» деген теңеуге қарама қайшы… Жүзу спортынан Қазақстан олимпиадада тек көлеңке болғаны да жанға батады. Су добынан «ұпай таратушы» рөлінде болдық.  Жеті алтынның буына малданып, бұл спорт түрлерін қайта «ұйқыға» жіберуге болмас. Қайта сәтсіздіктің себебін іздеп, ұйқыдағы спорт түрлерін қайта оятқанымыз жөн.

РАКОВ ҮМІТТІ АҚТАМАДЫ

Уәде орындалды. «Арық айттып, семіз шықтық». Енді осы қарқынды жоғалтпай Рио де Жанейроға дайындықты бастаған жөн. Оған дейін Инчхон төрінде Азия олимпиадасы бар екенін ұмытпайық. Қуаныштысы, жеті алтын мен он үш жүлде талай жастарды спорт залға сүйремек… Бүгіннің өзінде талай ата-ана «баламды боксқа, күреске, жеңіл атлетикаға берсем бе» деп басы қатып жүрген болар. Не десек те, Лондон қазақ үшін құтты болды!

 

Пікірлер саны: 91

  1. Жасарал Қуанышәлин:

    Компьютерімнен ұзаңқырап кетіп, жеткен бойда қуаныш бөлісуге асығып жатырмын, қазақтар.
    2012 жылдың 12-ші тамызы қазақ тарихына алтын әріппен жазылуы керек! Осыған дейін өткен күндер ішінде ұлтымызға ырымға тым құрығанда бір «алтын» бұйырмай, жүйкеміз әбден жүн болған сәтте алтын Серігіміз, күміс Әділбегіміз, қола Ақжүрегіміз жарқ етіп, барша қазақтың еңсесін бірден тіктеп жіберді!!! Ал, маған салса, әсте басқалардың табысын кеміту үшін емес, әділет үшін айтарым — мен үшін Серіктің «алтыны» Қазақстанның осыған дейін алған алты «алтынынан» қымбат. Неге десеңіз, ол — ұлтымыз тірі масқара бола ма деп, жер шұқып отырған кезде келіп, абыройымызды сақтап қалған айрықша «алтын»! Осындай сәтті қазақ Бейжің олимпиадасында да, қашан Бақыт Сәрсекбаев «алтын» алғанша, бастан өткерген болатын. Ал қазір, оның үстіне, Серікжан Баркер Кубогын алып, мерейімізді одан бетер үстем етті. Сөйтіп, осы Олимпиаданың қазақ даңқын аспандатқан тамаша нүктесін қойды. Құтты болсын! Ұзағынан болсын!
    Меніңше, Тек Серік емес, Әділбек пен Ақжүрек те «алтын» алуы әбден мүмкін еді, бірақ, амал нешік, түрлі себептермен оның әзірше сәті түспеді. Алла бұйыртса, ол сәт әлі келеді.
    Осы Олимпиадада біз медальдар күткен грек-рим күресінің орнына үмітімізді, иншалла, еркін күрес шеберлері ақтады. «Шеберлері» дейтін себебім, Ақжүректен басқа маған Дәулет Шабанбай да қатты ұнады. Өйткені аса ауыр салмаққа жақында ғана ауысқан бұл батырымыз «қола» үшін айқасқа дейін жетіп, Біләл Махов сынды мықтыны еңсеріп кете жаздағаны — көңілге үлкен үміт ұялататын жағдай. Демек, Дәулеттің болашағы бар деген сөз. Ал, Ақжүректің атақты Рамазан Шахинның өзін жеңіп, «қола» алуы — бұл да оның жарқын болашағына мегзейтін көрсеткіш.
    Рас, жалпы алғанда қазақтар Бейжің олимпиадасымен салыстырғанда бір қадам кейін шегінді. Яғни, егер онда қандастарымыз 1 «алтын», 1 «күміс», 4 «қола», ал, Қанат Исламды қоссақ, 5 «қола» алып, жиынтығы 7 медальға қол жеткізсе, қазір 1 «алтын», 1 «күміс», 1 «қола» алып, тек 3 медальға ие болуы себепті қоржынға 4 «қола» кем түсті.
    Бірақ, қалай болғанда да, осыған «шүкір» дейміз, әлбетте. Ал 4 жылдан кейін Риода өтетін келесі Олимпиада мәселесі — ол, әлбетте, бөлек және өте күрделі әңгіме тақырыбы.
    Баршаңызды Олимпиаданың қазақ үшін сәтті аяқталуымен құттықтаймын! Алла жар болсын!

  2. Сай Өтестен Әдiлет аға:

    Казакстан курамасы жарайсындар!

  3. Мақсат:

    Аллаһқа мақтау болсын, қазақ елін биік белестерден көрсеткеніне, «біз қазақ қой баққан елміз» деуші едік, енді «біз қазақ Лондонда 7 алтын таққан елміз» деп мақтанатын болдық, ия Серіктің алтыны біз үшін олимпиядадағы жеңістеріміздің қорытындысы ретінде болды.
    Бейне бір ертегілер елінде өмір сүріп жатқандаймын бүгінгі Серіктің жеңісі үшін.
    Серік бауырым саған бар жақсылықты тілеймін, қазақ елін сенен артық ешкім бұлай қуантпаған шығар Лондонда…!

  4. Уздик пикирлер кайда?

  5. Нұрш:

    Әрине, бұл олимпиада қазақ халқына жеті бірдей алтын медаль сыйлағанымен, әлсіз тұстарымызды да көрсетіп кетті. Күрес түрлерінен (еркін, грек-рим, дзюдо)өткен турнир қашан да жауырынын жерге тигізіп үйренбеген халқымызды қанағаттандырмағаны анық. Сондықтан қанымызда бар спорт түрін әлі де дамыта түсу керек. Судағы спорт түрлерінен мүлде дәрменсізбіз. Бір кездері Владислав Поляковтың аты шығып еді, ол да ұзаққа бармады. Қашанғы Фелпске телміре береміз, өзімізде сондай мықты жүзгішті өсіріп тәрбиелеуге барлық мүмкіндік бар. Жеңіл атлетика да сол. Желмен жарысқан жүйріктердің арасында ресей, украин, белорус сияқты посткеңестік елдер ақырындап көбейіп келеді. Біздің Ильиннің күшіне әбден тәнті болған ресейлік «РОССИЯ 1″ арнасының комм-ры оны «Ауыр атлеканың Усейн Болты» деген болатын. Болттан озбаса да оған ілесе алатын шәкірттеріміз көп болса… Әрине, бұл аталғандардың барлығы айналып келгенде кадр мәселесіне тікелей байланысты. Сырттан келген лигионерлердің табысына қарағанда төл тумалардың жеңісі қаншалықты тәтті болмақ… Жарты айға созылған бұл бәсеке қазақ еліне зор бедел сыйласа да, осындай ойға да салып кетті.

  6. Макс Пэйн:

    Үздік пікірді мен беремін
    1 орынға — Жасарал ағамыздың пікірлері
    2 орынға — Серік И. деген азаматтың пікірлері
    3 орынға — Құрмаш69, рахмет пікірлеріңізге!

  7. Айна:

    Аламандықтар, сіздерге әрдайым табыс, жеңіс, қаһармандарымыздың жеңістерін халқымызбен ортақтасып, хабарларды дер уақытында жеткізіп, жаңа есімдермен таныстырып отырсаңыздар жанкүйерге одан артық еш бақыт керек емес. Мен өз басым қазақ спортының бар жаңалығын сіздердің сайт арқылы біліп отырамын. Лондон жеңісі халқымызды бір серпілтіп,үміт отын алаулатып, жақсылықтың шапағатын сеуіп кетті. Оян, қазағым, алар белесің, әлі алда!Қорытындыны өте әдемі жаздыңыздар, рақмет!

  8. alaman:

    ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН, ҮЗДІК ПІКІРДІ ЕРТЕҢ ЖАРИЯЛАЙМЫЗ.

  9. Айна:

    Ақжүрек десе ақжүрек екен батырың! Жеңістен жеңіске жете бер, бауырым!

  10. аламандыктар.га коп рахмет барi керемет болды. Мен артык кеткен жерлер болды (ягни бок ауыз создер) кешiрiм сураймын.барiнiзден. Аламан коп коп рахмет.

  11. KLAN:

    Жарайсыңдар батырлар!!!!!!!!!!Алға Қазақстан!!!!!

  12. Nurdaulet:

    http://www.olympickhabar.kz/novosti/vse-novosti/item/kak-nechestno-vyigrali-u-nashego-borca-smotrite-video.html
    Акжуректин кулагынан индус тистеп алыпты гое

  13. Мақсат:

    Аламан рахмет сіздеге!
    Қорытындының майын тамызып жазыпсыздар, күрес түрлері шындығында да бұл жолы нашар нәтиже көрсетті, Ақжүректің қоласы болмағанда, күрес федерациясына «0″ деген бағаны қоятын едім, басқа спорттар жақсы дамып жатқанда күресіміз артқа кетіп жатқандай көрінді маған.
    Су жарыстары: қазақ елі үшін әлі бейтаныс спорт түрлері сияқты болып тұр, не дегенімен оларға өкпе жоқ, бізде әлі штелдермен салыстырғанда спорттық бассейндер, мықты жаттықтырушылар аз. Тәжірибелі жаттықтырушыларды шетелдерден шақырту керек.
    Жеңіл атлетика: Ольга Рыпакова бұл жолы жеңіл атлетиканы құтқарып қалды, әйтпегенде…
    Усейн Болттың құйындай жүйіткігенін, өз рекордтарына өзі түзету енгізгенін көргенде еріксіз тамсанады екенсің: «қашан қазақтың алтын құрсақты аналары осындай желаяқтарды өмірге әкеледі екен» деп.
    Бокс: қазақтың №1 деген спорты бұл жолы зілтеміршілерге өздерінің орындарын босатып берді, бірақ келешекте Серікке еліктеп талай қазақтың қарадомалақ балалары бокс үйірмелеріне баратынына сенімдімін, ауыр атлетикамен бәсекелестік жасар болса олардың алдына шығады деген ойдамын.
    Біздің спортшыларға жетіспей тұрған атақтардың бірі ол: «әлемнің ең үздік спортшысы» атағын иемдену, естеріңізде болса серб теннисшісі Новак Джокович өткен жылы сол атақты иеленген, менің ойымша, Серік Сәпиев пен Илья Илин сол атаққа лайықты, недегенімен бұл саңлақтарымыз өз салмақтарында үздік болып қана қоймай бүкіл әлемді тамсандырып «Баркер» және керемет рекордтың иесі болды емес пе…
    Аллаһ ниетіме жеткізсін!

  14. man.utd:

    енди билдин ба соны

  15. Сырлыбаев Мирас:

    Тек кана алга Казахстан! Женiстерiн мен жетiстiктерiн коп болсын!

  16. Mausim:

    12-ши жыл, 12-ши тамыз, 12 орын! Керемет!

  17. ALASH:

    Аламан спорт порталы,спортшыларга онер арнаган окырмандарды неге жазбайсындар

  18. УЛ КЫЗЫ АЛЕМГЕ ОЗ ЕЛIН ТАНЫТКАН. ТАНЫТКАН КАЗАКСТАН.
    Лондын олимпиадасы бiз ушiн саттi басталып саттi аякталды. 1 апта боиы 10дыктан туспеи алемдi танкалдырды. Осы багыттан таймай Реиога дайындык бастап 7 емес екi есе коп болсын.
    КОК ТУДЫН ЖЕЛБРЕГЕНI.
    ЖАНЫМА КУАТ БЕРЕДI.
    ТАЛАСКА ТУССЕ ЖАН МЕН ТУ.
    ЖАН ЕМЕС МАГАН КЕРЕГI.
    КОК ТУДЫН ЖЕЛБIРЕГЕНI.

  19. А.Винокуров,З.Чиншанло,М.Манеза,С.Подобедова,И.Ильин,О.Рыпакова,С.Сапиев олимпиада чемпиондары.А.Ниязымбетов кумис жулде, Д.Гаджиев,М.Волнова,Г.Мантюрова,И.Дычко,А.Танатаров кола жулдегер, . . . Казахстан лучше всех

  20. Бул олимпиада да бiз не уктык ен басты ондыктан ойып орын аламыз десек СУ СПОРТЫН дамыту керек. Жане КАЗАКТЫН ОН ЖАНБАСЫНА КЕЛЕТIН СПОРТ ТУРI КУРЕСТI МЫКТАП КОЛГА АЛУ КЕРЕК.
    Ауыр атлетика мен боксты одан арi дамыта тусу керек.

  21. molodes!alaman.kz jurnalistterine de raxmet!barinizge raxmet!

  22. Бек:

    Серiк ауеской бокстагы барлык жулдени алды.оз арманына жетти.соган разымын

  23. курмаш69:

    Куаныштан тасып отырмын, мен 1980 жылдан жанкуйер болып келемин Олимпиадага, Серик Конакбаев Италия боксшысы Патрицио Олива (маркум) женилгенде жыладым, сол кезде Патрицио Кубок Баркера алды,Пекинде сонгы куни Б.Сарсекбаев алтын алганда енкилдеп жылаганым есимде,ал казир тек толку устинде чемпиондардын биримен кездесип калсам кушактап турып жылауга азирмин. Гани мен Адилбекке Алматыда Казахстан-Ресей кездесуинен кейин кездесип, казах халкы сендерден жулде кутеди деп ак жол тилеп ем, Адилбек орындады, Ганига сал жетиспеди бирак та мойыма жулделер али алда кутип тур дегим келеди, СНГ бойынша 2 натиже корсетип тобемиз кокке жетти, ТАМАША ЖЕИСТИК,ТАБЫС кутты болсын агайын!

  24. Максат Ерболат:

    иа,сонымен курметти жанкуйерлер копткен куткен лондон додасыда оз маресине жетти!лондон казак халкы ушин керемет жарнама болды!ойткени шыны керек кари курлык халкы алиде бизди танымайдъ екен!соган козим жетти!мине енди казак деген халыкты алем билетин болады!

  25. Азизбек:

    Мен баска елде турсамда казак болганым ушин Казакстан спортшыларынын Лондон олимпиадасында оте жаксы натижелерде корсетгенининен куаныштымын. Албетте, спортшылар алдынгы олимпиададан караганда оте жаксы натижелерди корсете алды. Шын конгилдек кутыктаймын. Кейинги олимпиадалардада оларга баг жар болсын.

  26. Максат Ерболат:

    саяси аренада бизди алем таниды деген жалган,бос соз екен!бизди саяси оншакты элита танымаса,былайгы журт билмейтин болып шыкты!мине енди керемет!Лондон додасы казак халкы манги айтатын жыр дастаны болды,спортшылар жыры!кош бол ЛОНДОН!

  27. kazak eli jaraisyndar!!!!!!!!!!!!!!!

  28. NAIMAN:

    Казах ели бугин куныштан жас алды, асиресе Серик алтын алган сатте. Курести дамыту керек. Казакша курести Рио олимпиядасынын багдарламасына енгузу керек. Соган жумыс жасау керек. Серикке мын алгыс.

  29. Қазақстан олимпиадалық құрамасы Лондонда алтын медаль алу бойынша жеке рекордын жасап (7 алтын), жалпы медаль саны бойынша Бейжің олимпиадасындағы ірі табысын (13 медаль) тағы бір қайталады. Қорытынды жалпы командалық есепте Қазақстан 7 алтын 1 күміс 5 қола медальмен 12-орынға шықты.

  30. ЕРНАР@Тарбағатай:

    Міне бүгін төрткүл дүние төрт жыл тағатсыздана күтетін, түн ұйқысын төрт бөліп түн ортсында телдидардан тпжылмай көрген Олмпиада додасы да трих қойнауына кетті! Бұл бәйгеге өз жүйріктерімізді қосқан біз де ғаламтоды ақтарып,хабар мен еларнадан жерлестерімізден женістер күтумен болдық. Батыр ұл қыздарымыз жеңістерімен қуантып үмітті ақтады да. Дода басталған бетте алманның алдына суырылып шығып, алғы шептен шаршамай,талмай,әлем елдерінің үздік ондығында атой салған ҚАЗАҚ елін барша әлем қызыға да қызғн да қарап жатты. Бүкіл әлем таңдай қағып кейбір елде біз жайлы енді естіп біліпжатса, енді біреулер әлемнің саяси картасында азияның қақ ортасындағы алып елмізді енд аңғарып жатты, ал енді ушіншілері біздің елді тағы бір қырынан танып біліп сары құрлықтың тағы бір алып спорт державасы ретінде танып білді. Бізге керегі де сол емеспе, елімздің әлем алдында абыройының асқақтай түскенін қай қайсысымызда қалаймыз,қуанамыз,мақтанамыз.Енді сондай қуанышқа бөлеген, абыройымызды асырған саңлақтарымызға тоқталсақ, сайыпқырандарымыздың әрқайсысы бір төбе,тарихқа жазылған бір бір тарих!
    Доданың бірінші күні тұңғыш алтынды шайтанарбасымен арқалап әкелген Алтын ұлымыз Александр Винокуровка қандай мақтау айтсақ та жарасады. 34 жастағы спорт ардагеріміз соңғы бәсекесі осы олимпиада додасы болатынын айтқан еді, бірақ ол бәсеке қандай болғанын ел көрді, жұрт тамсанды.
    Доданың екінші күні де алаш жұртын қуанышқа бөледі. 19 жасар қаршадай қызымыз Зульфия Чиншанло әлем рекордын жаңартып әлем елі алдында сары алтынды мойнына таққанына куә болдық.
    Араға бір кун салып Бейжиңге барып тұрып жарақаты кесірінен алаңға шыға алмай алақанын ысқылап, жұлдызды сәтін төрт жыл күткен аруымыз Майя Манезаның онеріне тамсандық, алтын алқаны алғанда бірге қуандық, бірге жыладық, әрине қуаныш жасы шықты көзімізден.
    Келесі күндері де толағайларымыз қуанышымызды еселей түсті. 75 килода орыстың қос мықтысына қасқайып қарсы тұра білген Света қызымыз кезінде кеткен есесін еселеп қайтарып Қазағымды тағы бір алтынмен қуантты. Бесінші алтынның орны да, салмағы да бағалы,біздер үшін ыстық болғанын бәріміз де білеміз.
    Тәуелсіз Қазақ тарихында тұңғыш рет екі дуркін деген тозбас атаққа бұған дейін жазғы спорттан тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы болған Қызылордадан шыққан қайсар ұлымыз Илья Ильин иелік етті.
    Келесі күндері де спортшыларымыз биік белестерден қол бұлғағанына куә бола білдік. Сиднейдегі Ольга Шишигина алтынынан кейін спорт падишасы аталатын жеңіл атлетика өкілдері ішінде араға он екі жыл салып екінші Ольгамыз Рыпакова Алтын алқаны омырауына тағынды.
    6 алтынмен үздік жетілікке шыққан спортшыларымыз енді қоланың да дәмін таттырып қоржынымызды қомпайта берді. Бұл кезекте балуандарымыз әр күрес түрлерінен бір-бір қоладан елімізге әкелді. Өз кезектерінде Даниял Гаджиев классиктер арасында дараланса, қыздар арасында Гюзель Манюрова қуантты, еркін күрес шеберлерінен соңғы күні қоржынымызға қоланы Ақжүрек Таңатаров сала білді.
    Боксшыларымыз да дәстүрлі түрде әр олимпиададан басты үміттеріміз еді, бұл жолы да сенімді ақтай білді. Алғаш болып боксшыларымыздан аруымыз Марина Вольнова қола жүлдесімен өз атын қыздар боксы тарихына тұңғыштар қатарынан ойып тұрып орын алды. Ерлер сынында аса ауыр салмақта Жартылай финалда алаң иесіне есе жіберген алыбымыз Иван Дычко қола жүлдемен қуантса, қазақ ұлы Әділбек Ниязымбетов ел спортшылары арасындағы дара күміспен күптелді.
    Ал екі дүркін әлем чемпионы, күміс, қола жүлдегері Бокс құрамамыздың капитаны Серік Сәпиевтің жеңісі өзалдына бір тарих болары ақиқат. олимпиададан басқа сынның бәрін ұтқан үздігімізді Тұманды Альбион елі де жатырқамай төбеге котерді, өнеріне тәнті болып араға тағы бір олимпиада салып Василиймен Бақтиярдың алақанынан өткен Баркер кубогын да қолына ұстатты.
    Мінекей сонымен жеті рет әнұранымыз шырқап, он үш рет жалауымыз желбіреген Британия елінен еліміз абыройлы аяқтап, тарихи жеңіспен оралды деуге толық негіз бар!!! Алайда әр додада әттеген ай дегізгендер де болады, онсыз дода бола ма жеңген бар жерде жеңілген де болады, жә ол жайлы бұл қуанышты күнде сөз қозғамай ақ қоялық, ол жайлы лиісті тұлғалар өз жауабын бере жатар, келесі кезекте қорытынды шығарар деген ойдамын.
    Еліміздің мерейін асырған әлемдік сыннан жүлде алған барлық спортшыларымызға, тәрбиелеген бапкерлерімізге мыңда бір алғыс,төрт жылдан кейін бұдан да биік белестерден көрініп Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің мерейін асқақтата беруіне шын тілектестік білдіремін,бұл ниетіме барша қазақ жанкүйерлері қосылатынына сенімдімін! Қашанда алға ұмтыла бер қазақ елі, үздіктер қатарынан көріне берейік сіз бен біз болып!!!

  31. ЕРНАР@Тарбағатай:

    орфографиялық қателер кеткеніне кешірім өтінемін,түсінерсіздер деген ойдамын

  32. Жарайсыңдар, жігіттер!
    Қазақтың абыройын сақтап қалдыңыздар, әйтпесе дүние жүзі «Қазақ деген өзі қандай халық? Әлде әр ұлттан құралған құрама халық жалпы қазақ деп атала ма?»- деуі мүмкін еді, құдай сақтады.
    Әрине, Әділбек пен Акжурек те алтын алғанда тіпті керемет болатын еді, амал қанша, осыған да шүкіршілік.

  33. керемет керемет керемет. Айтарга соз жок. Жарайсындар!

  34. QaZaQStar:

    Қазақтың балалары сол баяғыша кешігіп барып медаль алды. Енді Рио… Арамтамақтардың федерациясын қайта жасақтау керек

  35. Қотыр:

    Мойындаймын, Ниязымбетов финалда жақсы өнер көрсетті! Бірақ ол 1/4 финалда «ұшып» кету керек еді…

  36. Мақсат:

    Қотыр десе қотыр екенсің,сонда сен адамның ашуына тию үшін аламанға кіріп осындай сасық пікілеріңді жазасың ау деймін ия?

  37. Мусагали Таскалиев:

    Қуан Алаш,Казағым!
    Қуан Казақ даласы!
    Ақыры жүлде салды-ау,
    Қазақтың үш баласы!
    Айналайын Серікжан,
    Алтын ұлдың бірісін!
    Әділбектің күмісі,
    Алтынмен тең біз үшін!
    Акжүректің қоласы,
    Асып түсті алтыннан!
    Сендердей батыр ұлы бар,
    Айналып қана кетейін,
    Казақ- деген халқымнан!!!

  38. 89жылгы казактын кайсар улдары барма Адiлбек алтындай кумiс алган кiм осы кезге дейiн болган олимпиядада кане айтындаршы лондонды карсыласын нагдаунга тусiрiп утып 2шi айналымга откен кiм? Адiлбекко!? Алтынын келесi олимпиядада инша Аллаh алтындай етiп алат.

  39. с.сапиев 1 емес 2рет ушты.катары бермедiго ол кезде.ка 3шi олимпияда жап жас назiк британдык жiгiт.адiлбектiн орыс карсыласы жiберсен кауып алат. Адiлбек женед инша Аллаh. С.Сапиев базар жок чемпион будан женiлсе уятко намыс бар казакко Аллаhка мактау болсын.

  40. Адiлбек умiттi актады. Финалда тек сал гана белсендi болганда алтын алып турган болатын,15-15 есеппен (женiлiс жок) алтын колдан сусып кеттi.

  41. Казак боксынын курамында оралмандар болганы дурыс.Откенде Сарсекбаев,бул сапар Каракалпакстандык Ниязымбетов ерледi. Ендi курамага М.Молдагереев (Ресейден),Р.Мырсатаев(Кыргыздан),Б.Кiбiткалиев(Каракалпакстаннан),К.Ислам(Кытайдан)сиякты оралман боксшыларды тарту керек.Натиже тамаша болады.

  42. Cалтанат Айбергенова:

    Жарайсыңдар жігіттер! Сіздерді «Айбергенов әлемі» журналы атынан бүгінгі үлкен жетістіктеріңізбен құттықтаймын! Ақынның 75 жылдық мерейтойы қарсаңында батырларымыздың жеңісі дүйім қазақ жұртының мерейін асқақтатты. Сіздердей жігіттерді көргенде Төлеген Айбергеновтің мына өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Нағыз қазақ жігітінің барлық қасиетін бойына жинаған жеңімпаздарымызға осы өлеңді ұсынып отырмын.
    Біздің жігіттер
    Бұл қазақта жігіттер бар нар қасқа,
    Жарқылдаған алмас па?!
    Дейсің-ау, дейсің сен оны,
    Айырып кетсе жол басқа,
    Орны тіпті толмас та,
    Дулатар тек от денені.

    Бұл қазақта жігіттер бар қонаққа,
    Маңдайындағы бір атын
    Жайратып салып, жарқылдап күліп тұратын.
    Көкірегінен күн сөнбей,
    Осы бір шақтан білсең ғой,
    Тұратын тауып мұратын.

    Бұл қазақта жігіттер бар мәрт-батыр.
    Жалаңаш батыр көбі оның,
    Аударып тастар сен үшін
    Алтын бар десең, астында мынау төбенің.
    Солардың аппақ ниетімен,
    Ақ қарға жаққан отымен,
    Лапылдап мен де келемін.

    Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес,
    Тұра да алмас шың бұлай,
    Қасқайып олар тұрғанда,
    Биіктер сенің тұлғаң да,
    Миллион мәрте, құрбым-ай!
    Құрметпен, Салтанат Айбергенова

  43. АРА:

    Серік Сәпиев туралы док фильм

    http://www.youtube.com/watch?v=QM5wnjeMNuM&feature=player_embedded

  44. 2013 жылда Казакстанда отетiн бокстан Алем чемпионатында барлык боксшыларымызга саттiлiк тiлеймiн. Тек Бiржан Жакып, Данабек Сужановтардын курамадагы орнын жастарга беру керек.Кашанга дейiн Айтжанов оларды суйреп журмек,керiсiнше,олар кураманы орге суйреуге тиiс емес пе едi?!

  45. сықи:

    алған 13 медаліміздің 3еуін ғана қазақтар алды..

    қалған он медаліміздің жартысынан көбісін легионерлер алып берді.

    пАзор!!!!!

  46. mrkmbai:

    ФИЛАның белді шенеунігі Дәулет Тұрлыхановтың еш беделі жоқпа деп қалдым. Ана сушыл құмар Ақжүректің құлағын тістеп алғанда төреші жанында үңіліп қарап тұрды. Көрді. Бірақ жазаламады. Даулет ағамыз қайта сайланғанда қуанып ек, бұлда жетістік деп. Беделі барғой, ең болмаса шағым түсірер деп ойладық, бірақ олда болмады. Осы олимпиада қазақстандағы күрестің қай деңгейде екенін көрсетіп берді. Еш дайындық жоқ. Тек Ақжүрегіміз ғана жарады. Кем дегенде күміске лайықты еді, амал нешік, Даулет ағамыздыңда беделінің қай дәрежеде екендігі сол бір белдесуде көрініп қалды.

  47. Сапиев улы боксшы го, Кеше ануранды калай айтты , ол осы женисти коп кутти..

  48. mrkmbai:

    финалға Әділбекті сүйрегенше Біржанды шығару керек еді. Біржан ана қысық көзді достойно утқан еді. Амал не, АИБА деген цирктың сценриі солай болған екен…

  49. Макс Пэйн:

    «Бұл біздің қазақтың, Қарағанды облысы Абай қаласы боксшысының үлкен жеңісі. Бұл барлық қарағандылықтар үшін, қазақстандықтар үшін мереке. Бұл, ең алдымен біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басты жеңісі. Елбасы 20 жылдан бері жұмыс істеу, өмір сүру мен еңбек етудің үлгісін көрсетіп келеді. Мемлекет басшысы осы тарапта да әлемде үлкен беделге ие, оған біздің спорттағы жетістігіміз дәлел. Қаншама спорттық нысандар бой көтерді, оның бағдарламасы жұмыс істеуде. Бүгінде біз әлемді Олимпиадалық алтын медаль санымен таң қалдырдық. Біздің Серік Сәпиев қазақстандық жастар еңбек ете алатынын, жоғары нәтижеге қол жеткізе алатынын тағы да көрсетті. Оны бүкіл Қарағанды облысы қолдайды», – деді Құсайынов
    Жантықтар!Көкелерін міндетті түрде қыстыру керек. К.. жалағыштар.

  50. Қосақ:

    «Турист болып барды» деп керегі жоқ еді. Олимпиада ұранының өзі — қатысу, спорт арқылы бейбітшілікті сақтау ғой. Кубертон ақсақал: «О, спорт, ты-мир!» — деген. «Ассалаумағалейкумнің» өзі бейбітшілік, тыныштық берсін деген сөз емес пе. Барлық қатысушы спортшылар құрметке лайық, Еліміздің атын шет елдерге паш етті. Жеңіс құтты болсын!

  51. man.utd:

    кандай легионерлер олар казакстанда осип турады

  52. man.utd:

    осыган куан пазор дегенше озир бир кола медалды алып корш олсен де аламапсын

  53. man.utd:

    олимпиадада битти иш писатын болды енди не коремиз

  54. akan:

    Аллаға мың-мың шүкір! Сәпиевтің Олимпиада чемпионы, Баркер кубогы иегері болғанын көрдік. Осы күнге жеттік-ау әйтеуір. Серік бауырымыздың табандылығы, еңбекқорлығы, намысы баршамызға үлгі болсын! Ал Әділбекке ренжитін түк жоқ. Жарақатпен жүріп күміс алу — үлкен ерлік. Әділбек бауырымызға болашақта Серік ағасының жолын берсін! Бұл батыр соған әбден лайық

  55. akan:

    қара жүрек үндіге қарсы дер кезінде протест берілгенде, Ақжүрек те алтын алар ма еді, кім білсін!

  56. mrkmbai:

    жүргізушілер арасынан күресте эксперт боп келген Ислам ағамызға сондай ішім жылыды. Ұлты қарашайлық болсада қазақша қалай судай ағып тұр! Осында, телевидениеде жүрген кейбір жорналшысымақтардан, коментаторсымақтардан да керемет сөйлейді. Қазақтың нақыл сөздерін қосып. Кілемге шыққан әр палуанымыздың қолданған әдістеріне, белдесулеріне қалай беріліп отырды. Шын жүрегімен жанашыр болып, тіпті дауысы дірілдеп кетіп жатты. Біздің курес бапкерлерімізден де ақылды кеңестерімен эфирде бөлісіп отырды. Күрестен жаңа бапкеріміз осы кісі болу керек деп ойлаймын өз басым. Сол кезде ғана үлкен жетістіктерге жетеміз

  57. uranium.kz:

    Ия, шынымен, 30шы олипиада менин Казахстаным ушин толагай табыстарга толы болды. Небари 16-17 млн халыкы бар елдин уздиктер катарында коринуи танкаларлык жайт. 20 жылда осынша жетистикке жеткен ел кемде-кем шыгар. «МЕН-Казахпын, Мен- И.Илин, С.Сапиев, О.Рыпакова, А.Винокуров менин отандастарым!» Осы создерди кайталап мактанышпен айта бергим келеди. Буган дейн ореси томен батыс азаматтарынын (мектепте география окымайды-ау дим солар) Казахстан десе, ойына Борат тусуши еди, енди олардын козине туымыздын ортасындагы алтын кыран мен биздин алтын атлеттеримиз елестейтин болады. Барлык 13 санылагымызга миллиондаган жанкуйер атынан улкен рахмет айткым келеди.
    7 алтыннын жони болек, олардын улкен енбекпен, шелектеп тогилген термен келгенин баримиз билемиз. Кола медальдардын ишинен Марина мен Акжуректин медальин ерекше атап отер едим. Анау-мынау емес алем чемпионы Саванна Маршалды оз рингинде сабап журип алды биздин Мариша кола медальды. Танатаров та казах баласынын куресу билетинин далелдеди, жарайсын, Акжурек, ер екенсин. Алги тисин сынгыр «вампир» болмаганда Акжурек бизди жалпы есепте ондыкка киргизер еди…
    Тагы бир куантарлык жайт, биздин чемпиондардын кобиси али жап-жас. Али Рио-де-Жанейрода да «карнавал» корсетеди булар.
    Биздин болашак… Бул ретте Анна Нурмухамбетованы атап откен жон. Кокшетаулык кыздын алган 5ши орыны Светага жаксы избасар осип келе жатканын корсетти. 19жасар Даулет Шабанбай да салмагы 100 келиге толар-толмас болса да 120 келилик алыптардын арасында озин жогалткан жок.
    Бокс… Бизде бул спорт туринен Жиров бастаган дастур бар: биздин боксшылар кейде алем чемпионатынан алтынсыз кайтса да олимпиада ойындарынан алтынсыз кайтып корген емес. Серик, Адилбек, Иван казах бокс мектебинин алимдик аренада али де баси жогары екенин далелдеди. Командалык есепте Ресейди артта тастадык. Пекинде Кубадан озганбыз… Али Риода баринен озатын боламыз. Казах ели 3ши рет Баркер кубогын иеленип отыр. Алдымызда Баркерди 5 рет алган АКШ кана. Олар бирак олипиадага 100 жылдан астам катысып келеди, ал биз небари 16 жыл! Кортындысын оздериниз жасай бериниз..
    Акталмаган уимттер… Раков, Тыналиев, Кебиспаев. Бул атлеттерге олиипиада басталмай жатып катты кысым тусирип жибердик. Коп пиар жасалып кетти, натижеси оздеринизге белгили. Жалпы, курес, дзюдо, таеквандо федерцияларынын нашар дайындыгы козге урып турды.
    Создин соны… Бул олипиада барысында елимизде казах тилди, спорт десе ишкен асын жерге коятын, спортта сауатты патриотардын коп екенин байкадым. Сол азаматтарга пикир талас аренасын уйымдастырган аламанга рахмет(болашакта форум маселесин колга алуды умытпаныздар). Ерекше белсендилик таныткан Бабур, курмаш69, Максат, Айна, Серик, Пернебек есимди жанкуйерлердин аттарын ерекше атап отким келеди.

  58. mrkmbai:

    akan, бұны мен Даулет ағамыздың бейшаралығы деп түсінемін

  59. akan:

    Шиминнің алтыны мен Сәпиевтің алтынын салыстырып қарасақ, кеудені мақтаныш кернейді. Алла қазаққа нақ осындай жеңістерді молынан несіп еткей. ИншАлла!

  60. akan:

    мыркымбай мырза, қарашайлардың қазақша таза сойлегеніне таңғалудың түк қажеті жоқ. Олар кәдімгі қазақ. 4-5 ғасыр шамасында Кап тауы жаққа кеткен албандардың бір бөлігі. Беріге дейін барыс-келіспен, албандармен араласып тұрған.

  61. uranium.kz:

    Ернар Тарбагатай, орфографиялық қателер кетти деп уялма, биз журналист, тил мамандары емеспиз гой… Бирак Александрдын жасы 39га келеди. Осындай катеден сактан)). Ал жалпы жаксы анализ жасапсын, тил байлыгын да бар, аламанга жумыска турып алмайсын ба?))

  62. КАЗАКСТАНДЫК СПОРТ СЕЛЕКЦИОНЕРЛЕРIНIН НАЗАРЫНА Мен журналист болгандыктан жан-жактагы казактардын жетiстiгiне назар салып журем. Озбекстан жастар курамасынын сапында Шыршыктан Нысанбаев, Каракалпакстаннан Омiрзаков деген мыкты боксшы казактар бар. Каракалпакстанда кыздар куресi жаксы дамыган. Н.Кедеева Сингапурде откен жастар олимпиадасында алтыннан алка такты. Сондыктан, осындай спортшыларды Казакстан курамасына тарту кажет сиякты.

  63. Аза:

    Құрметті аламандықтар сіздердің көрсеткен қызыметтеріңізге дән ризамыз…..дегенмен тағы бір отініш:
    біздің олимпиада жүлделі болған спортшылардың фотоларын қойсаңыздар.мысалы осы беттегі Серік пен Ақжүрек тің фотоларын айтуға болады.керемет…….

  64. kultobe.kz:

    Құрметті АЛАМАН ҰЛТТЫҚ СПОРТ ПОРТАЛЫНЫҢ оқырмандары!Сіздердің жеңіске жетіп, Алаш айбынын асырған арда ұландарымызға арнап жазған жүрекжарды туындыларыңыз, өлеңдеріңіз болса мына поштаға жолдауларыңызға болады kultobe.kz@mail.ru Жеңіс құтты болсын, ағайын!

  65. Турлан:

    Казахстан футбол премер-лигада кай клуб чемпион болады екен

  66. алаш:

    Олимпиадада күрес жарылысы қазақ палуандары үшін толығымен жеңіліспен аяқталды.

    кешке дейін бапкерлерді ауыстыра бергенше, Қазақстан күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыхановты орнынан алатын кез жетті..

  67. mironoldo нигiмен шыгатын Мейiрбек И. Н. бауырымыздын пiкiрлерi салмакты болды. Онын казак спорты жайлы пiкiрлерiн озбекше сайттардан да окып турам. Спорт жанкуйерi осылай болуга тиiс.

  68. Алтайлық ҚАЗАҚ:

    сегіз ұлым бір төбе, ертөстігім бір төбе демекші — алты алтын бір төбе, жетінші алтын бір төбе болды…

  69. Макс Пэйн:

    Ақжүрек! Сен ерледің, алған қола медалін алтыннан артық болмаса, ешқандай да кем емес. Жалпы, біз, қазақ қойдай жуаспыз ғой, кеше жартылай финалда үнділік көзіңді шұқығанда, бапкерлер айқайлап жатыр: «көзімді шұқып алды, төрешіге көрсет» деп, сонда міз қақпадың, одан қалды құлағыңды тістеді…
    Қатын ұл тапса Ақжүрек қоямын есімің.

  70. Алла қаласа Қазақтар келесіде бұдан да үлкен белестен көрінеді деп сенейік те жұмыска кірісейік!!

  71. Алтайлык казак бауырым, арине, 7-алтыннын куны болек. Окiнiштiсi, сол алтын команданын орналасу тартiбiне асер еткен жок.

  72. Мақсат:

    ИТОГОВЫЙ НЕОФИЦИАЛЬНЫЙ КОМАНДНЫЙ ЗАЧЕТ

    1. Украина (2 золото – 1 серебро – 2 бронза)
    2. Великобритания (2 золото – 1 серебро – 1 бронза)
    3. Куба (2 золото – 0 серебро – 2 бронза)
    4. Казахстан (1 золото – 1 серебро – 1 бронза)
    5. Россия (1 золото – 0 серебро – 3 бронза)
    6. Япония (1 золото – 0 серебро – 1 бронза)
    7. Китай (1 золото – 0 серебро – 0 бронза)
    8. Италия (0 золото – 2 серебро – 1 бронза)
    9. Ирландия (0 золото – 1 серебро – 2 бронза)
    10-11. Монголия (0 золото – 1 серебро – 1 бронза)
    10-11. Бразилия (0 золото – 1 серебро – 1 бронза)
    12-13. Таиланд (0 золото – 1 серебро – 0 бронза)
    12-13. Корея (0 золото – 1 серебро – 0 бронза)
    14. Азербайджан (0 золото – 0 серебро – 2 бронза)
    15-17. Литва (0 золото – 0 серебро – 1 бронза)
    15-17. Узбекистан (0 золото – 0 серебро – 1 бронза)
    15-17. Болгария (0 золото – 0 серебро – 1 бронза)

  73. Казак куресiне жететiн курес жок екен. Аттен олимп багдарламасында болганда,алтын санап отыратын едiк. Алемге дурыстап насихаттау керек

  74. uranium.kz:

    Мыки, кателесесин. Украина мен кызгалдактар елинен Сериктин алтынынын аркасында оздык..

  75. Нұрлыбек:

    Ей, қазақ ағайындар! Намыстарын жибермей жатса баларынды спортқа бермейсіндер ме? Әншейін уйде отырып карын шығарғанша? Қолдарыңнан келсе медаль былай тұрсын, Олимпиадаға қатысып көріндерші? «Легионер» дейсіндер сол «легионерлер» біздің әнұранды тілі келмесе де, айтып, тырысып жатыр ғой! Намысшыл емес надансындар? Білсендер біз көпұлтты халықпыз! Қазақтар 10 миллионға да жетпейміз, Сондағы 3 ауыр атлет қана легионер! Білсендер олар 2007-2008 жылдарда Қазақстанға келген. Осы күнге дейін қаржы бөліп, техникалық психологиялық дайындығы Қазақстанда шыңдалмады ма? Оларда отаным Қазақстан деп тұр ғой, одан артық не керек? Бұл «Легионерлер» алу жалғыз Қазақстанда ғана емес бүкіл 205 мемлекет ішінде кемінде 100 мемлекетте сол «Легионерлер» бар. Еуропа мемлекеттерінде кашан өз ұлтының спортшысы медаль алып жүр. Әсіресе Жеңіл атлетикада барлығы африкалықтар! Мысалы: атақты жүзуші Майкл Фелпсте «АҚШ құрамасына жалғыз өзі 6 медаль салған соның 4 алтын» Қытайда туып өскен. Ал күрес тарихына енген 3 дүркін Олимпиада чемпионы Өзбекстандық Артур Таймазовта Ұлты осетин. Яғни Осетияда туып өскен. Сол «Өзбекстандық» әр олимпиадада жалғыз алтын медальді құрамасына салып келуде? Бұған не дейсіндер??? Тағы да айта кетейін көрші Ресейді алайық, онда медальдардың кемінде 50пайызы орыстар емес. АЛ мемлекеті «Руссия» яғни орыс мемлекеті, «Қазақстандық» Зүлфия, Мая, Светлана өз құрамасында болғанда медаль ала алар ма еді? Әрине «жоқ» Өйткені мемлекетіміз қолынан келгенше жағдай жасап жатыр? Мен сенем 2016 жылы Риода алтын медальдарымыз бұдан да көп болады. Сондықтан құрметті Қазақстандықтар ұлтқа, руға бөлінбей бір шанырақ астында тату-тәтті өмір сүрейік! Aл бізге ешкім кедергі бола алмайды! Өйткені тұғыры биік, рухы мықты ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРМЫЗ!!!

  76. BABUR KAZNTU REAL (GALATASARAY):

    Аламан сіздерге алғысымыс шексіз. Қазақ батырлары үлкен аренада ел намысы үшін арпалысқа түсіп жатқанда, бізге осынау дүбірлі доданың қызықтарын жеткізіп, бізбен бірге қуанып, бібен бірге мұнайғандарынызға… Бүкіл Аламан спорт порталының оқырмандарының атынан сіздерді де еліміздің осынау толағай табысымен шын жүректен құттықтап, еңбектерінізге табыстар тілейміз. Сайтымызға жаңадан келіп қосылып жатқан оқырмандардың балағат создері үшін де кешірім сұраймыз… Аламан спорт порталы жасасын!!! Жасасын қазақ спорты…

  77. DASTAN:

    Қуанышты олимпиада ойындары болды!!!!тек бір өкініштісі дюздо, грек рим, еркін күрестен нәтижеміз өте нашар!!!!ел сенім артқан нұрмахан, максим, алмат, таймұраз, даулет, даурендер үмітті ақтамады мүлдем!!!ту ұстаған «ТИПА АЛЫП БІЗДІҢ» саспайды травма алып калдым деп уялмай айтып интервью берипти!!!!!!

  78. Жасарал Қуанышәлин:

    Нұрлыбек, біріншіден, пікір иелеріне: «Өздерің өйтпейсңдер ме, бүйтпейсіңдер ме?» — деп кінә тағу дискуссия мәдениетіне жатпайды. Әркім, ол кім болса да, не істесе де, өзінің қандай да болса пікірін айтуға толық құқықты. Тек біреудің жеке басына тиіспесе, басқаларды тілдемесе, анайы сөйлемесе болды.
    Екіншіден, мен өз басым: «Алдағы уақытта Жаратқан иеміз Қазақстанды легионерлерге тәуелді болудан сақтасын!» — деп тілеймін. Басқа елдер, мейлі, өз құрамаларын тіпті түгел сырттан сатып алған спортшылардан жасақтасын, бұл — олардың шаруасы. Ал бізге керегі — Қазақстанның өз ішінде бұқаралық спортты мейілінше дамытып, өзінің төл чемпиондарын өсіріп шығарғаны. Мейлі, олар қазақ болсын, орыс болсын, басқа болсын. Бірақ, әрине, біздің отанымыз барша әлемдегі қазақтың Алла бұйыртқан жалғыз отаны болғандықтан, ҚАЗАҚстан аталғандықтан, чемпиондардың да басым көпшілігі қазақ болғаны ләзім. Осы тұрғыдан алғанда мен неше Олимпиададан бері «алтын» алу мәселесінде осетиндердің қолына қарап қалған өзбек бауырларымызға еш қызықпаймын, керісінше, оларды аяймын. Және олардың өздері мұндай жағдайға қуанып отыр деп ойламаймын.
    Үшіншіден, Ресейде «медальдардың кемінде 50пайызы орыстар емес» дей отырып, олардың барлығы да ешқандай да легионерлер емес, сол Ресейдің, көптеген ұлттардан құралған ФЕДЕРАЦИЯЛЫҚ мемелекеттің, орыстармен терезесі тең өз ұлттары екенін неге ұмытасың? Олардың ешқайсысы да Ресейге шетелден келген жоқ қой, Қазақстанға Қытайдан келген Чиншанло, Манеза, Ресейден келген Подобедова, Гаджиев, Манюрова тәрізді. Айырмашылық бар ма? Бар болғанда қандай. Демек, нені айтсаң да, ойланып және біліп айту керек.
    Төртіншіден, Қазақстан «көпұлтты» мемлекет емес, біздер «қазақстандықтар» емеспіз, Қазақстан — бірұлтты мемлекет, ал баршамыз — қазақтармыз. Өйткені біз, қайталап айтам, федерациялық емес, біртұтас (унитарлық) қазақтың ұлттық мемелекетінде тұрып жатқандықтан, мұнда бір ғана халық, бір ғана ұлт бар. Ол — қазақ халқы, қазақ ұлты. Ал қалғандары — әрқайсысының Қазақстаннан тысқары өз отандары бар ДИАСПОРАлар өкілдері.
    Егер назар аударған болсаң, қазір тіпті шетелдің өзінде Қазақстаннан барған спортшыларды, өнер қайраткерлерін, ғалымдарды және т.б. «қазақтар» дейді. Осындай қарапайым шындыққа әлі күнге дейін бойын үйрете алмай, көндіге алмай жүоген, өкінішке орай, кейбір өзіміздің қандастарымыз. Демек, мұндай келеңсіз әдеттен де арылып, әсіреинтерұлтшыл болуды қоятын кез келді. Және солай болуға тиіс.

  79. Жасарал Қуанышәлин:

    Боксты қазақтың ұлттық спорт түрі деуге толық негіз бар. Өздеріңіз ойлап қараңыздар:
    1. Тәуелсіздік кезеңінде Қазақстан өз бетімен дербес құрама болып қатысқан 5 Олимпиаданың соңғы төртеуінен қазақ боксшылары алтын медальсыз қайтқан емес.
    2. Аталмыш Олимпиадаларда ұлты қазақтар алған 5 алтын медальдың бесеуі де — бокстың еншісінде.
    3. Демек, барша Олимпиадаларда қазақтың ұлттық абыройын сақтап келе жатқан да — боқсшыларымыз.
    4. Баркер Кубогын алған боксшылар саны жөнінен қазақтар тек спорттық ұлы держава — АҚШ-тан ғана артта қалып, Италия мен Кубаны қуып жетті.
    Әлбетте, бұл фактілер — қай қазақ болса да мақтанышпен ауыз толтыра айта алатын фактілер.
    Алайда, әлем бойынша саны 15 миллионнан, Қазақстанның өзінде — 11 миллионнан асқан қазақ сынды ірі ұлт үшін алдағы уақытта әр Олимпиадада тек бір «алтын» алу аздық ететіндігі, легионерлерге үміт арту ұят болатындығы анық. Сондықтан, меніңше, қазірден бастап елімізде бұқаралық спортты, әсіресе қазақ ауылында, белсенді түрде дамытуды мақсатты және жоспарлы түрде қолға алу қажет.
    Және, сол негізде, қазаққа етене жақын, ұлтымыздың табиғи ерекшеліктеріне сәйкес келетін басқа да жекпе-жек спорт түрлері — грек-рим күресі, еркін күрес, қыздар күресі, дзюдо, қыздар боксына бұрынғыдан да гөрі баса назар аудармаса болмайды. Сонымен қатар, әлбетте, қолдан келгенше спорттың өзге түрлеріне де қазақ жастарын кеңінен тартып, ұлы баскетболшы- олимпионик Әлжан Жармұхамедовтың, атақты жеңіл атлеттер — Ғұсман Қосанов пен Әмин Тұяқовтың, Совет Исамбаев пен Бекен Күреңкеевтің, су добының майталмандары Нұрлан Меңдіғалиев, Ерлан Аяпбергенов, Сұлтан Оразалиновтың, волейболшылар Октябрь Жарылғапов (бапкер), Жәнібек Сауранбаевтың, велошабандоздар Марат Сатыбалдиев, Олег Түсімхановтың және тағы да басқа саңлақтардың ізбасарларын тәрбиелеп шығару да — кезек күттірмейтін міндеттер.
    Күні бүгінге дейін орындалмай келе жатқан аса маңызды мақсат — қазақ қыздары арасынан тұңғыш Олимпиада жүлдегерлерін шығару ісі — өз алдына күрделі тақырып.
    Ал, қысқы спорт түрлеріне келер болсақ, ол, өкінішке орай, қазақ үшін әлі тіпті түрен салынбаған тың сала деуге де болады…
    Қысқасы, алға, Қазақстан!

  80. man.utd:

    даулет шабанбай 19да или 29да ма?

  81. nurlan(Порту):

    Жасеке,айтып жатқан пікірлеріңіздің дені өте орынды.Осындай пікірлерді менде талай жерде жазып жүрмін.Бірақ, жайлы ойларыңызды құптай алмай отырмын.Алдыменен сөзінің ұғымын талдап көрсек.Легионер-белгілі бір елдің азаматының келесі бір елге сый-ақы үшін жалдануы.Ендеше, ұлттық құрамада қайдағы легионер,барлығы Қазақстан азаматы емес пе?Ал Қазақстанда қос азаматтық жоқ.Ендеше,олардың бізден басқа отаны жоқ.Және бізге келген спортшылар сый-ақы үшін келгеніне күмәнім бар.Соншалықты сыйлықты олардың келген жерінде де берер еді,бәлкім шамалы ғана аз алар ол маңызды емес.Светаның Ресейден қалай келгенін өзіңізде білерсіз?Майя мен Зұлфияның өзін көрсетер басқа мүмкіндігі жоқ еді.Келді,елімізден пана тапты,азаматтығымызды алды.Енді соны адал еңбегімен өтеп жатыр,қалайша өзектен тебеміз?Бұл жерде Ни мырзаның қырағылына тәнті қалмасқа болмайды.Үйір тола жылқыдан сәйгүліктерді жазбай танитын атбегідей деймін.Шақырған үш қыз да бәйгені шаппай алып жатыр.Өзгелер сияқты топырлатып шақырып жатқан жоқ қой,бәрі орнымен.Осының арқасында елімізде ауыр атлетика қандай жаңа белеңмен өсіп жатыр,қаракөздеріміз көптеп тартылып жатыр.Ал сіздің екінші арманыңызға келсек,ол орындалмайтын сияқты.балық кезде және барлық елде шақырылады.Шіркін пенденің көзі топыраққа ғана тойған ғой.Біз қазақтарда пендеміз.Бүгінгі жетістіктен кейін Италия,Алеманиямен талассақ дейміз.Озып бара жатсақ алда Ресей бар,одан әрі Қытай мен АҚШ-та шығады.Мықты спортшылар қашанда керек.Осы айтқандарыма келісесіз бе?

  82. nurlan(Порту):

    Жасеке,айтып жатқан пікірлеріңіздің дені өте орынды.Осындай пікірлерді менде талай жерде жазып жүрмін.Бірақ,»Легионер» жайлы ойларыңызды құптай алмай отырмын.Алдыменен «легионер» сөзінің ұғымын талдап көрсек.Легионер-белгілі бір елдің азаматының келесі бір елге сый-ақы үшін жалдануы.Ендеше, ұлттық құрамада қайдағы легионер,барлығы Қазақстан азаматы емес пе?Ал Қазақстанда қос азаматтық жоқ.Ендеше,олардың бізден басқа отаны жоқ.Және бізге келген спортшылар сый-ақы үшін келгеніне күмәнім бар.Соншалықты сыйлықты олардың келген жерінде де берер еді,бәлкім шамалы ғана аз алар ол маңызды емес.Светаның Ресейден қалай келгенін өзіңізде білерсіз?Майя мен Зұлфияның өзін көрсетер басқа мүмкіндігі жоқ еді.Келді,елімізден пана тапты,азаматтығымызды алды.Енді соны адал еңбегімен өтеп жатыр,қалайша өзектен тебеміз?Бұл жерде Ни мырзаның қырағылына тәнті қалмасқа болмайды.Үйір тола жылқыдан сәйгүліктерді жазбай танитын атбегідей деймін.Шақырған үш қыз да бәйгені шаппай алып жатыр.Өзгелер сияқты топырлатып шақырып жатқан жоқ қой,бәрі орнымен.Осының арқасында елімізде ауыр атлетика қандай жаңа белеңмен өсіп жатыр,қаракөздеріміз көптеп тартылып жатыр.Ал сіздің екінші арманыңызға келсек,ол орындалмайтын сияқты.»Легионер» барлық кезде және барлық елде шақырылады.Шіркін пенденің көзі топыраққа ғана тойған ғой.Біз қазақтарда пендеміз.Бүгінгі жетістіктен кейін Италия,Алеманиямен талассақ дейміз.Озып бара жатсақ алда Ресей бар,одан әрі Қытай мен АҚШ-та шығады.Мықты спортшылар қашанда керек.Осы айтқандарыма келісесіз бе?

  83. nurlan(Порту):

    Алғашқы жазғанымнан біраз таңбалар түсіп қалып,қайта жазып отырмын.

  84. nurlan(Порту): менде саган косылам, олар акша ушин емес, ози айналысатын спорт турин катты унатканы бар болганы.

  85. Mausim:

    Такырыпта кате бар, спортымыз дамыган алпауыт ел емеспиз. Ауыр атлетика мен боксы дамыган елмиз. Баска турлеринен кош сонындамыз. Винокуров пен Рыпаковалардын жетистиги бир реттик кана, ойткени олардын оздери кеткенсон орнын басатын избасарлары жок. Спорттын 1 -2 турин дамытып алпауыт спорт ели бола алмаймыз.

  86. Жасарал Қуанышәлин:

    nurlan, «легионер» сөзін теріп, интернетті шолып шықсаң болды, көзің жетеді — легионер деп қай-қайда да өзге елден келген спортшыны атайды.
    Олардың екі түрі бар: бірі — белгілі мерзімге ғана жалданып келіп-кететіндер, екіншісі — олимпиадалық спорт түрлері бойынша жарысқа түсу мақсатында келген елінің азаматтығын алатындар. Өйткені, олай етпесе, сол елдің атынан жарысқа түсе алмайды. Ондайлардың тағы бір атауы — «натурализованные» (қазақша шартты түрде «нағызданғандар» болар ма екен?). Яғни, қалай атасаң да, легионер болып қала береді.
    Және олардың көбісі ойлаған мақсаттарына жетіп, чемпион немесе жүлдегер болған соң, әйтпесе тіпті табысқа жете алмай қалса да келген елдеріне кері қайтып жатады. Ондай мысалдар да көп-ақ.
    Екіншіден, менің пікірлерімді мұқият оқысаң, мен еш те бір легионерді кеудеден итеріп, «өзектен тепкен» жоқпын. Сайып келгенде, қай елдің құрамында өнер көрсету — әр спортшының жеке бас еркі, демек, мен олардың ерік-құқықтарына қол сұқпайтыным белгілі. Сондықтан мен өз сөзімді, әрине, оларға емес, легионерлер жалдау ісімен тым әуестеніп кеткен еліміздің спорт басшыларына бағыштадым және бағыштаймын.
    Үшіншіден, халқының саны Қазақстан халқының санынан жүз есеге жуық көп және, оның үстіне, ауыр атлетиканы (спорттың басқа да түрлерін) жоспарлы түрде белсенді дамытып, Бейжің Олимпиадасында тіпті АҚШ-ты басып озған Қытай тәрізді зілтеміршілер қаптап жүрген алып елге барып таланттар іздегенше, сол Ни неге өз еліміздің қазақ ауылдарына барып таланттар іздеу арқылы «қырағылық» танытпайды? Неге соларды тауып алып, тәрбиелеп, баулып, чемпион етіп өсірмейді? Өйткені ондай жұмыс көп уақытты, шыдам-төзімді, маңдай терін қажет етеді.
    Ал менің арманыма келсек, оның орындалуы оп-оңай. Легионерлер алып берген «жылдам» медальдарға телміруді қойып, өз спортымызды жан-жақты дамытуға тиісті көңіл бөлсе болды…

  87. Жасарал Қуанышәлин:

    Mausim дұрыс айтады, бүгінгі күмәнділеу табысқа бола асып-таспаған жөн. Шындығына келсе, осы жолы Қазақстанға 3 алтын (Чиншанло, Манеза, Подобедова), 2 қола (Гаджиев, Манюрова) медальды Қытай мен Ресей спортшылары алып берді. Демек, таза өзіміздікі — 8 медаль: 4 алтын (Винокуров, Ильин, Рыпакова, Сәпиев), 1 күміс (Ниязымбетов), 3 қола (Вольнова, Дычко, Таңатаров). Бейжіңмен салыстырғанда «алтын» медаль жөнінен жақсы ілгерілеу бар, ал жалпы медальдар саны жөнінен кейін кету бар. Демек, алдағы уақытта еліміз үшін осы көрсеткіш меже болуы керек деп есептеймін.

  88. nurlan(Порту):

    Жасаеке,бір елдің азаматтығын алған адам ол елге еш уақытта легионер бола алмайды.Өйткені ол сол елде тек азаматтық парызын өтейді.Бапкер Ниге келсек,өз таланттарымызды таппай жатыр деуіміз әбестік болар.Өсіп жатыр жастарымыз,Рүстем Сыбай,Жазира Жаппарқұл,Надежда Ногай,Алмас пен Анна.Ал сырттан шақырған үш қыз ауыр атлетикамызға жаңа импульс бергенін ешкім жоққа шығара алмайды.Және спортымызды қанша жолға қойсақта «Легионерсіз» жыртық жамалмайды.Ия,топырлатып жөн жосығы жоқ шақыра бергенге менде қарсымын.Қазіргі теннис пен хоккейдегі құрамамызды көрсем қарным ашады.Ол жағы енді өзге әңгіме.

  89. Еркин Исламгалиев:

    Алга, Казахстан

  90. Бекзат:

    алға қазақстан



Please note: Comment moderation is enabled and may delay your comment. There is no need to resubmit your comment.

Сәйкес мақала

    БҮГІНГІ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

    Фотобаян

    БАУЫРЖАН ТҰРЫСБЕК