Футбол 13 Тамыз, 2018 (0) (238)

Роналду "Ювентус" сапындағы алғашқы голын соқты

Алтын доптың бес дүркін иегері жаңа белесті бағындыруға дайын

Футболдан Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду италиялық "Ювентус" клубының сапында өткізген алғашқы ойынында көзге түсті.

Туриндік клуб жастар командасымен жолдастық кездесу өткізді. "Ювентус" бас командасы жастар құрамасының қақпасына жауапсыз бес гол соқты. Оның біреуі командаға жаңадан қосылған Криштиану Роналдудың еншісінде.

Айта кетейік, Роналду туриндік командаға жуырда ғана ауысқан. Трансфер құны 112 миллион еуроны құрады. Келісімшарт мерзімі үш жылға жасалған.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру