Футбол 13 Тамыз, 2018 (0) (182)

Стойлов ресейлік ойыншыны Ұлттық құрамаға шақыртты

"Тобыл" клубының ресейлік қорғаушысы Марат Быстров Қазақстан құрамасына шақырту алды.

Қорғаушы жазғы трансферлік маусымда "Астанаға" ауысқан еді. Алайда елордалық клубтың басшылығы оны қостанайлық "Тобылға" жалға берді. Жаңа командасында Марат Быстров жеті ойын өткізіп үлгерді.

Футболшының агенті Олег Шигаевтың мәлімдеуінше, Станимир Стойлов ресейлік ойыншыны Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне қосқан.

25 жастағы қорғаушы күзде басталатын Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасының атынан шығу мүмкін.

Айта кетерлігі, Марат Быстров Қостанай қаласында туған. 13 жасында көрші елге қоныс аударған. Ал футболшының анасының ұлты – қазақ.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру