Ауыр атлетика 14 Тамыз, 2018 (0) (262)

Анатолий Храпатыйдың құрметіне ескерткіш тақта ашылды

Астана қаласында Олимпиада чемпионы, Астана қаласының құрметті тұрғыны болған Анатолий Храпатыйдың еске алу құрметіне арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті. Оған ҚР Ауыр атлетика федерациясының қолдауымен қалалық ауыр атлетика федерациясы ба

Астана қаласында  Олимпиада чемпионы, Астана қаласының құрметті тұрғыны болған Анатолий Храпатыйдың еске алу құрметіне арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті. Оған ҚР Ауыр атлетика федерациясының қолдауымен қалалық ауыр атлетика федерациясы бастамашы болды.

ҚР ААФ Президенті  Жанат Түсіпбеков Храпатыйдың өмірден ерте озса да, спортта жарқын із қалдырғанын айта келе, әлемдік спорт ареналарында елімізді танытып жүрген барлық қазақстандықтарға жол ашып, шабыттандырғанын атап өтті.

«Біз әрдайым оны еске аламыз және Анатолий Михайлұлының Қазақстан спортындағы және ауыр атлетикадағы бағындырған биігінен төмен түспейміз, — деп атап өтті ол.

Ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласы әкімдігі пен мәслихаты өкілдері, спорт қайраткерлері және спортшының достары қатысты.

 «Еске алу күнін атап өту қашанда ауыр екені рас. Храпатыйдың есімі Қазақстан ғана емес, әлемге танымал. Ондай спортшылар - әлем спортының мақтаныштары екені анық. Храпатыйдың арқасында елімізде Олимпиада және әлем чемпиондары болған зілтеміршілердің үлкен толқыны шықты. Қазіргі ауыр атлетика шеберлері үшін Храпатый феномені – шабыттану, тұрақтылық пен қайсарлықтың өлшемі. Оның спорттағы жетістіктері тарихта қалады», — деп атап өтті Қазақстан Ұлттық Олимпиада Комитеті президентінің кеңесшісі Бақытжан Ордабаев.

Анықтама: Анатолий Михайлұлы Храпатый (20.10.1962-11.08.2008) – Олимпиада чемпионы (Сеул, 1988), Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Атланта, 1996), әлемнің бес дүркін чемпионы, Еуропаның төрт дүркін чемпионы, КСРО еңбегі сіңген спорт шебері. Өзінің спорттық ғұмырында 5 рет әлем рекордын жаңартқан.

 Ержан Тұрсынхан




 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру