Футбол 15 Тамыз, 2018 (1) (233)

«Астана» Еуропа Лигасында ойнайды

Загребте УЕФА Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде хорватиялық «Динамо» мен елордалық «Астана» матчының қарымта кездесуі өтті.

Ойын 1:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Екінші таймда кездесудегі жалғыз голды «Динамо» шабуылшысы Марио Гавранович соқты. Астанада өткен алғашқы ойында қонақтар 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді. «Астана» футбол клубы еурокубок жолындағы жарысты Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде жалғастырады. Плей-офф кезеңінде «Хапоэль» (Беэр-Шева, Израиль) – АПОЭЛ (Кипр) жұбының жеңімпазымен жолығады. Елордалық команда алғашқы ойынды сырт алаңда 21 тамыз күні өткізеді. Қарымта ойын 30 тамыз күні Астанада болады. Кәрі құрлықтағы жарыс жолын алматылық «Қайрат» жалғастырады. 

Бейсенбі күні алматылық футболшылар өз алаңында Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік беретін қарымта кездесуде Чехияның «Сигма» командасын қабылдайды. Ойын жергілікті уақытпен 20:00-де басталады.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру