Жеңіл атлетика 25 Тамыз, 2018 (0) (188)

Екі жеңіл атлет Азия ойындарының жартылай финалына шықты

Бүгін, 25 тамызда Индонезия астанасы Жакарта қаласында жеңіл атлетикадан жарыстар басталды. Таңертеңгі бағдарламада ерлер арасында 400 метрге жүгірудің іріктеу бәсекелері өтті.

Стартқа 29 спортшы шықты. Олардың арасында екі қазақстандық бар. Ұйымдастырушылар атлеттерді 5 жолаққа бөліп жүгіртті. Жартылай финалға әр жолақта жүгіргендердің алғашқы төртеуі және уақыт көрсеткіші жоғары төртеуін келесі кезеңге өткізді.

Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Михаил екінші топта жүгіріп, мәреге бірінші келді. Жерлесіміздің уақыт көрсеткіші – 46.43 секунд.

Тағы бір отандасымыз Андрей Соколов бесінші топта жүгіріп, мәреге үшінші болып жетті (48.26 сек.). Ол бұл топтағы көшбасшысы Аруна Сингхапуражу (Шри-Ланка) мен Әли Хамисуден (Бахрейн) қалып қойды. Әзірге Литвин жалпы есепте жетінші орында. Соколов, тиісінше, 17-орында тұр.

Іріктеу кезеңінде ең үздік уақытты 2017 жылы Бхуанбаешварда өткен Азия чемпионатында топ жарған Мұхаммед Анас Яхия (Үндістан) көрсетті – 45.63 секунд. Одан кейін катарлық желаяқ Мохамед Абас бар (45.81 сек.). Үштікті шри-ланкалық Калинга Хева Кумараж (45.99 сек.) қорытындылап тұр.

Енді, жартылай финал бүгін кешке өтсе, жеңімпаз бен жүлдегерлер ертең финалда анықталады.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру