Жеңіл атлетика 26 Тамыз, 2018 (0) (193)

Жеңілатлет Литвин финалда сынға түседі

Индонезия астанасы Жакарта қаласында өтіп жатқан XVIII Азия ойындарында жеңіл атлетикадан ерлер арасында 400 метрге жүгіруден қазақстандық Михаил Литвин финалға жолдама алды. 

Бұл туралы "Аламан"  спорт сайты ҚР жеңіл атлетика федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Ерлер арасындағы 400 метрге жүгірудің жартылай финалында 24 спортшы өнер көрсетті. Соның ішінде финалға лайықты 8 спортшы таңдалып алынды.

Қазақстаннан 2 спортшы жүгірді. Михаил Литвиннен бөлек, Андрей Соколов бар. Бірақ шешуші кезеңге алғашқысы мүмкіндік алды.

Осы қашықтыққа жүгіруден Қазақстан рекордсмені Литвин үшінші топта бақ сынады. Жерлесіміз Азияның бірнеше дүркін чемпионы катарлық Абдалелах Харун Хассан (45.83) мен бахрейндік Әли Хамиске (46.07) жол беріп, үшінші келді. Литвиннің уақыт көрсеткіші – 46.12 сек.

Андрей Соколов бірінші топта жүгіріп, 8 спортшының арасынан алтыншы келді. Ол мәреге 48.60 секундта жетті. Таңертең іріктеу кезеңінде одан сәл жылдам жүгіріп еді (48.26).

Финалға үш топтан алғашқы екі орын атлет тікелей жолдама алса, сондай-ақ уақыт көрсеткіші жоғары тағы екеуі іріктелініп алды. Үшінші орын алғандардың арасында Литвиннің бәсі жоғары болды. Хаттамада отандасымыз жетінші орында тұр.

Финал бүгін, 26 тамыз күні сағат 19:10-да басталады.

25 тамыз.Жакарта. XVIII Азия ойындары. 400 метрге арқылы жүгіру. Жартылай финал ,ерлер.

Бірінші топ:

1. Аббас Аббас (Бахрейн) – 45.59 сек. 

2. Арокиа Раджив (Үндістан) – 46.08 сек. 

… 6. Андрей Соколов (Қазақстан) – 48.60 сек.

Екінші топ:

1. Мухаммед Анас Яхия (Үндістан) – 45.30 сек. 

2. Джулиан Уолш (Жапония) – 46.01 сек. 

3. Калинга Хева Кумараж (Шри-Ланка) – 46.21 сек. 

Үшінші топ:

1. Абдалелах Харун Хассан (Катар) – 45.83 сек. 

2. Али Хамис (Бахрейн) – 46.07 сек. 

3. Михаил Литвин (Қазақстан) – 46.12 сек. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру