Жеңіл атлетика 30 Тамыз, 2018 (0) (216)

Ольга Рыпакова Азиаданың төрт дүркін жеңімпазы атанды

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Азия ойындарының алтын жүлдесіне қол жеткізді.

Оған жеңіске жету үшін небары бір ғана мүмкіндік жеткілікті еді. Ол екінші мүмкіндігінде 14 метрге жеткен.

Қарсыластарының барлығы да бұл межеге жетпеген соң, Рыпаковаға тағы да секірудің қажеті болмаушы еді. 

Алайда, барлық мүмкіндігін пайдаланып, 14.26 метрге секірген Рыпакова өзінің нәтижесін жақсартып қана қоймай, Азиада алтынын жеңіп алды. 

Күміс жүлдені 13.93 нәтижесін көрсеткен Таиланд және Вьетнам спортшылары өзара бөлісті. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру