Жеңіл атлетика 18 Қыркүйек, 2018 (0) (265)

Түркиядағы жаттығу жиынына қатысатын атлеттер белгілі болды

Жеңіл атлетикадан қазан айында Түркияда өтетін ағзаны қайта қалыпқа келтіруге арналған оқу-жаттығу жиындарына қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды.

Жаттығу жиыны 1-20 қазан аралығына жоспарланған. Биыл құрама Белектегі спорттық кешенінде болады. Ол жерде барлық жағдай жасалған. Спортшылар жаттығу жасаумен қатар сауықтыру-емделу процестерінен де өте алады.

Қазіргі кезде Белекте өтетін жаттығуға баратын 14 спортшы белгілі. Дегенмен, тізім әлі де өзгеруі мүмкін. Арасында Ольга Рыпакова да бар. 

Құрама тізімі:


1.Иван Иванов (Алматы облысы, ядро серпу);

2.Александр Каспер (Астана, 100 және 200 метрге жүгіру);

3.Андрей Соколов (ШҚО, 400 метрге жүгіру);

4.Дмитрий Коблов (Түркістан облысы, 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру);

5.Светлана Голендова (Жамбыл облысы, 400 метрге жүгіру);

6.Надежда Дубовицкая (ШҚО, биіктікке секіру);

7.Виктория Зябкина (Алматы, 100 және 200 метрге жүгіру);

8.Элина Михина (ШҚО, 400 метрге жүгіру);

9.Мария Овчинникова (Қарағанды облысы, үш қарғып секіру);

10.Ольга Рыпакова (ШҚО, үш қарғып секіру);

11.Ольга Сафронова (Павлодар облысы, 100 және 200 метрге жүгіру);

12.Любовь Ушакова (Қарағанды облысы, 400 метрге жүгіру);

13.Әйгерім Шыназбекова (Алматы, 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру);

14.Ирина Эктова (СҚО, үш қарғып секіру).


Дереккөз: kazathletics.kz



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру