Жеңіл атлетика 20 Қыркүйек, 2018 (0) (208)

Георий Шейко Қытайдағы халықаралық турнирге қатысады

Қытайдың Сучжоу қаласында спорттық жүрістен Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының IAAF Race Walking Challenge Wuzhong «AROUND TAIHU» кезеңі өтеді. 

Бұл жарысқа Қазақстанның кәсіби жеңіл атлетика клубы Altay Athletics те өз спортшыларын жібермекші. Мысалы, Батыс Қазақстан облысының тумасы, 2017 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Георий Шейко қатысады. Сондай-ақ осы клубтың легионерлері Александр Ляхович (Беларусь), Дмитрий Дюбин (Беларусь), Иван Лосев (Украина) Қытайдағы жарыста бақ сынайды. Олардың барлығы Altay Athletics клубының атынан өнер көрсетеді.

Еске салсақ, Гегорий Шейко биыл Жапонияның Номи қаласында өткен Азия чемпионатында 20 шақырымдық спорттық жүрістен қола жүлде еншілеген. Азия ойындарында мәреге алтыншы болып келді. 

Айта кетейік, IAAF Race Walking Challenge Wuzhong «AROUND TAIHU» кезеңі 24-26 қыркүйек аралығында өтеді.

Дереккөз: kazathletics.kz



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру