Велоспорт 27 Қыркүйек, 2018 (0) (201)

Алексей Луценко Әлем чемпионатында 13-нәтиже көрсетті

Инсбрук қаласында тас жолдағы велоспорттан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыс жолына жекелей сында бақ сынаған қыздар мен ерлер, сонымен қат<

Қазақстан намысын қорғаған шабандоздар арасынан тек Алексей Луценко ғана жоғарғы нәтиже тіркей алды. Ол 52,5 шақырымға арналған жекелей сында 13-болып мәре сызығын кесті. 

Ал қыздар арасынан 27,8 шақырымға арналған жарысқа Наталья Сайфутдинова мен Фаина Потаповалар қатысты. Олар 43 және 45 орындарға жайғасты. 

Жасөспірімдер арасындағы сайыста ТОП-20 құрамына екі шабандозымыз енді. Даниил Пронский мен Глеб Брусенский – 17 және 20-орындарды иеленсе, Евгений Федоров 22-орын алды.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру