Футбол 02 Қазан, 2018 (0) (276)

«Қайрат» пен «Ақтөбе» командаларының Чемпиондар Лигасындағы ойындар кестесі

Ел намысын алматылық «Қайрат» пен «Ақтөбе» клубтары қорғайды.

«Ақтөбе» клубы футзалдан Еуропаның ең беделді турниріне алғаш рет қатыспақ. Олар бір топта хорватиялық «Ново Вриемя», финляндиялық «Кампуксен Динамо» және грузиялық ТМС командаларымен ойнайды. Ойындарды Хорватияның Макарска қаласы қабылдайды. 

«Ақтөбе» командасының Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіндегі ойын кестесі: 

Чемпиондар Лигасы. Футзал. 

03.10.2018. 22:00. МФК «Ақтөбе» - ТМС (Грузия) 

04.10.2018. 22:00. «Кампуксен Динамо» (Финляндия) - МФК «Ақтөбе» 

07.10.2018. 00:30. МФК «Ақтөбе» - «Ново Вриемя» (Хорватия) 

Жеребе қорытындысы бойынша алматылық «Қайрат» португалиялық «Спортинг», беларустік «Лида» және косоволық «Феникс» командаларымен бір топқа түсті. Барлық ойындар Косовода өтеді.

Әр топтан үш үздік команда турнирдің элиталық кезеңіне жолдама алады. 

«Қайрат» командасының Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіндегі ойын кестесі: 

Чемпиондар Лигасы. Футзал. 

03.10.2018. 01:30. «Феникс» (Косово) – АФК «Қайрат» 

04.10.2018. 23:00. АФК «Қайрат» – «Спортинг» (Португалия) 

06.10.2018. 23:00. «Лида» (Беларусь) – АФК «Қайрат» 

АФК «Қайрат» командасының барлық ойындары «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде көрсетілмек.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру