Волейбол 04 Қазан, 2018 (0) (223)

Волейболдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатында төрт кездесуде ұтылды

Волейболдан Жапонияда өтіп жатқан әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін аяқталуға жақын.

Кения, Пуэрто-Рико, Доминикан Республикасынан жеңілген Қазақстан D тобының үздігі Сербияға да есе жіберді. 

Қазақстан Сербиядан 18:25, 16:25, 13:25 есебімен ұтылды. 

Біздің команда сапынан Яна Петренко мен Екатерина Жданова тиісінше 7 және 6 ұпай жинады. 

Қазақстан құрамасының топтық кезеңдегі соңғы матчы Бразилияға қарсы өтеді. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру