Футбол 14 Қазан, 2018 (0) (172)

«Қайрат» - Қазақстан Суперкубогының иегері

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде сынға түскен «Қайрат» пен «Ақтөбе» Қазақстан Суперкубогы үшін матч өткізді.

«Қайрат» футзалшылары өткен маусымда ел чемпионаты мен кубокты иеленген болатын. Ал «Ақтөбе» вице-чемпион атанды. 

Алматылық клуб матчты сенімді бастап, 4-ші минутта Тұрсағұловтың пасынан кейін Дәурен Нұрғожин баспен гол соқты. «Ақтөбе» футзалшылары ойынды теңестіруге тырысқанымен, Игита қақпасына гол соға алмады.

Екінші таймда Тұрсағұлов есепті 2:0-ге жеткізді. Кейін ақтөбелік Көлбаев допты өз қақпасына салып алды. Ал матч нүктесін 37-минутта Серік Жаманқұлов қойды. Қорытынды есеп – 4:0.

Осылайша, «Қайраттың» сенімді жеңісінен соң Пауло Рикардо Кака Қазақстандағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.

Қазақстан Суперкубогы – 2018

«Қайрат» 4:0 «Ақтөбе»

Голдар: Нұрғожин 4, Тұрсағұлов 24, Көлбаев 27 (автогол), Жаманқұлов 37

14 қазан, Щучинск, «Жақсы» СК

Дереккөз: Prosports.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру