Alaman Болжам 21 Қазан, 2018 (0) (289)

Ницца гол соғады, Боруссия М тағы басым түседі, Лука Банти бұл жолы да ешкімді аямайды

Жалпы коэффициент - 2,53.

НИЦЦА-МАРСЕЛЬ

Бірінші лига басталғалы Марсель сырт алаңда 5 ойын өткізіп, әрқайсысында кемінде 2 голдан жіберді. Ниццаның Марсельмен деңгейлес Лион қақпасына 1 гол соғып, жеңіске жеткенін ескерсек, лиондықтар бұл жолы да голсыз қайтпайды. Оның үстінен бұл екі команда Лазур жағалауы дербиіне жатады. Еуропа лигасындағы тағдыры қыл үстінде тұрған Марсель алдағы аптада Лациомен ойнайды. Сондықтан көкшіл-ақ жейде киген жігіттер алаң иелеріне қарсы қатты аласұра қоймас.


Ницца гол соғады. 1.34 кф.


БОРУССИЯ МЕНХЕНГЛАДБАХ-МАЙНЦ

Айнтрахт Франкфурт, Шальке, Байер... Бұлар тамыз айының 25-інен бері "Боруссия Паркте" жеңіліске ұшыраған командалар. Осындай мүйізі қарағайдай командаларды жеңген Боруссия М майнцтық жігіттерге де мүмкіндік қалдырмауы тиіс. Бірақ біз Майнцтың аяқ астынан мінез көрсетуінен сақтанып, Боруссия М кемінде бір таймда ұтады деген коэффициентті таңдаймыз.


Боруссия М кемінде бір таймда ұтады. 1.32 кф


БОЛОНЬЯ-ТОРИНО

2018-2019 маусымында ең көп сары қағаз алған команда – Болонья. Олар ойнаған ойындарда орташа есеппен 5,5 сары қағаздан көрсетіліп келеді. А сериясы басталғалы бері Болонья элиталық топқа жатпайтын командалармен 5 ойын өткізді. Солардың бірінде ғана (Фрозиноне) 3 сары қағаз көрсетілсе, қалған ойындардың бәрінде кемінде 4 сары қағаздан көрсетілді. Төреші Лука Банти бұған дейін тек Ювентус, Милан, Рома, Интер, Лацио сынды үздік командаларға төрелік жасайтын. Осы маусымда ол Дженоа-Болонья ойынында төрешілікке тағайындалып, 7 ойыншыға сары қағаз, 1 ойыншыға қызыл қағаз көрсетті. Ол бүгінгі ойында кемінде 4 сары қағаз көрсетеді деп топшылап отырмыз.


Сары қағаз тотал (3,5) көп. 1.43 кф.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру