Фоторепортаж 24 Қазан, 2018 (0) (408)

Спорттағы сұлулар

Соңғы кездері қазақстандық БАҚ джиу-джитсудан спорт шебері Гүлжан Нақыпова туралы жарыса жазып жатыр. Тартымды көзқарасымен талайды тамсантқан Гүлжаннан бөлек, елімізде хас сұлу спортшы қыздар жетерлік. Осыған орай АLAMAN спорт порталы Қазақстанның әдемі спортшы қыздарын назарларыңызға ұсынады.

Гүлжанның өзінен басталық. 2017 жылы джиу-джитсудан әлемдік турнирде жеңімпаз атанған Гүлжан Нақыпова, сондай-ақ әлем чемпионатының қола жүлдесіне де ие болды. Қазақстанның сан мәрте чемпионы атанған қыз – аталмыш спорт түрінен ұлттық құрама мүшесі.

Сабина Алтынбекова. 22 жасар бойжеткен Волейболдан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасы мүшесі. 2014 жылы Жапонияның GSS Sunbeams клубында да ойнап қайтты. Бір кездері Тайбэйде өткен волейболдан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында өзінің сұлулығымен әлемді тамсандырды.


Зарина Цолоева. Боксшыны танымал киноактриса Анджелина Джолиге ұқсататындар көп. Бокстан Қазақстан чемпионы, бірнеше рет әлем чемпионаттарына қатысқан.



Зарина Диас. Қазақстандық кәсіпқой теннисшіні әлемге танымал десек қателеспеспіз. Біраз белді турнирлерді ұтқан. 25 жаста



Əлия Батқұлдина - 1995 жылы Өскеменде туған. "Жетісу"  волейбол клубының ойыншысы. Ұлттық құраманың мүшесі. Жастар арасында ойнап жүргенде  Вьетнамда өткен VTV-Eximbank Cup 2013 турнирінің аруы атанған.



Ботагөз Сəрсенбаева - 1997 жылы туған. Павлодар волейбол мектебінің түлегі. Қазір "Алтайда" ойнайды. Азия клубтық чемпионатында негізгі құрамда ойнады.


Ержан Тұрсынхан



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру