Хоккей 25 Қазан, 2018 (0) (250)

«Алматы» ХК Halyk Arena спорт кешенінде жеңіске қол жеткізді

Halyk Arena көпфункционалды спорт кешенінде ерлер арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының кезекті туры өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.


«Алматы» хоккей клубы өз аренасында екі күн бойы «Теміртау» командасын қабылдады. Бірінші кездесуде алматылықтар қонақтардан буллит бойынша 2:3 есебімен ұтылған болатын.

Ал, екінші матчта Владимир Громилин шәкірттері қызықты ойын көрсетіп, қонақтарды 3:0 есебімен жеңді. Попович, Ядрышников және Подзиншь өз командасына жеңіс сыйлады.

- Кешегі және бүгінгі ойын үшін қақпашыларға алғыс айтамын. Біздің ойыншылар көп қате жіберіп қойды, әрине осындай қателіктермен жеңіске жету қиын. Ойыншылар әлі де тәжірибелі емес, сондықтан өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады, дегенмен қазір көп голдар сала бастады. Қарсылас ұжымға мінезді ойын көрсеткен үшін алғыс айтамын, - деді «Алматы» ХК бас бапкері Владимир Громилин.

Айта кетер жайт, «Алматы» командасы 20 ойыннан кейін турнир кестесінде 8-ші орында тұр.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру