Футбол 27 Қазан, 2018 (0) (276)

"Қайрат" төртінші жыл қатарынан күміс жүлдеге ие болды

Алматылық "Қайрат" Қазақстан премьер-лигасының 31-турында Павлодардың "Ертіс" командасымен кездесіп, 0:1 есебімен жеңілді, - деп хабарлайды Alaman.kz тілшісі. 


Кездесудің екінші минутында "Ертіс" командасының ойыншысы Карлос Фонсека алаң иелерінің қақпасына матчтағы жалғыз голды соқты. 

"Қайрат" үшін бұл осы маусымдағы 7-ші жеңіліс. Алматылық клуб 61 ұпаймен екінші орында жайғасты. Ал "Ертіс" командасы 32 ұпаймен 9-шы орында тұрақтады.  

Бұл ойыннан кейін, "Қайрат" бірінші орында 71 ұпаймен келе жатқан "Астананы" ұпай санымен асып түсе алмайды. Қазақстан премьер-лигасының аяқталуына 3 тур қалды. Елордалық "Астана" бесінші жыл қатарынан чемпион атанып отыр(2014, 2015, 2016, 2017).

Алматылық "Қайрат" осыған дейін екі рет чемпион атанған болатын(1992, 2004).   

Сурет: Fckairat.com


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру