Теннис 06 Қараша, 2018 (0) (180)

Кирилл Герасименко: Қазір босаңсуға болмайды

Үстел теннисі бойынша қазақстандық команданың көшбасшысы Кирилл Герасименко өз мансабы тарихында әлемдік рейтингте үздік орынға қол жеткізді.

Халықаралық үстел теннис федерациясының (ITTF) соңғы мәліметтері бойынша Герасименко бұл тізімде 35-тен 33-ші орынға көтерілді. Ал Olympic.kz тілшісіне сұхбат берген Герасименко өз нәтижесіне риза екенін, алайда босаңсымау қажет екенін айтты.

Сондай-ақ, Герасименко өзінің Швецияда өткен жарысы туралы пікірін айтып, алдағы уақытта өтетін Austrian Open турниріне қойған мақсаттармен бөлісті.

«Алдағы уақытта Austrian Open турниріне қатысамын. Мақсатым -негізгі топқа түсіп, алға қарай жылжу. Турнир өте ауыр болады. Жақында Швецияда да өнер көрсеттім. Ол жақта да қиын болды. Мен сәтсіз өнер көрсетіп, үшінші іріктеу айналымында бельгиялыққа есе жіберіп қойдым. Бір қуантарлығы, қазір мен 33- ші орындамын. Өз-өзіме ризамын, бірақ босаңсудың мүлде қажеті жоқ. Алға қарай баса береміз»,- деді Герасименко ҰОК баспасөз қызметіне. 

Айта кетейік, Австриядағы жарыстар 8 қараша мен 11 қараша аралығында өтеді.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру