Футбол 08 Желтоқсан, 2018 (0) (320)

Үшінші мегаполисте БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан турнир өтеді

18-желтоқсанда Шымкент қаласы әкімдігінің мұрындық болуымен, шағын футболдан «Тәуелсіздік - тірегім» атты республикалық турнир өтеді.


Аталмыш турнирде қала басшысының кубогы сарапқа салынады. Жарыстың жүлде қоры да қомақты көрінеді. Қола жүлде еншілеген команда 300 мың теңгені еншілесе, екінші орын алған ұжым 500 мыңды қанжығаға басады. Жарыс жеңімпазы 1 миллион теңгеге ие болады.

Ал жарыстың негізгі мақсаты - Тәуелсіздікті дәріптеу, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы ынтымақтастық пен достықты, салауатты өмір салтын дәріптеу екені анық.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру