Бокс 10 Желтоқсан, 2018 (0) (197)

IBO рейтингі жаңарды

IBO бокс қауымдастығы жаңартылған рейтингіні жариялады.


Бұл рейтингіде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бірінші орнын сақтап қалды. Мексикалық Сауль «Канело» Альварестен жеңілгеніне қарамастан GGG көш басында тұр. Екінші сатыға америкалық Джермаль Чарло жайғасқан. Сондай-ақ, бұл салмақта тағы бір қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов 59-шы орынға жайғасқан.

Ауыр салмақтағы Иван Дычко 97-ші орыннан 89-шы сатыға көтерілді. Бірінші ауыр салмақтағы Бейбіт Шүменов бір сатыға төмендеп, 32-шы орынға түсіп қалды. Али Ахмедов 34-ші, Айдос Ербосынұлы 97-ші сатыда. Батыр Жүкембаев 27-ші орынға жайғасса, Абылайхан Құсайынов үздік 100 боксшының (93-ші) қатарына кірді.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру