Бокс 11 Желтоқсан, 2018 (0) (87)

Головкин мен Жиров - НВО тарихындағы үздіктер тізімінде

АҚШ-тың Карсон қаласындағы StubHub Center кешенінде HBO арнасының бокспен қоштасу кеші өтті.

Головкин мен Жиров - НВО тарихындағы үздіктер тізіміндеАйта кетейік, америкалық телеарна келер жылдан бастап кәсіпқой бокс жекпе-жектерін көрсетуді тоқтатады. 1973 жылдан бері 45 жыл бойы үзбей бокс кештерінен трансляция жасаған HBO арнасы соңғы уақытта кәсіпқой боксқа деген қызығушылықтың бәсеңдегенін мәлімдеді. 

ESPN арнасының бокс маманы Дэн Рафаэль HBO арнасында көрсетілген үздік 45 жекпе-жекті атады. Тізімге қазақстандық боксшылар Василий Жиров пен Геннадий Головкин енген. 

22-ші сатыға 2003 жылы сәуір айында өткен Василий Жиров пен Джеймс Тони арасындағы жекпе-жек орналасты. Ал 2017 және 2018 жылдары қыркүйек айларында өткен мексикалық Сауль Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы қос жекпе-жек тізімнің 16-шы сатысына жайғасқан.

Түпнұсқасы: Prosports.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру