Күрес 25 Желтоқсан, 2018 (0) (2155)

Хаджимұрат Гацалов бас жаттықтырушы қызметінен кетті

Олимпиада чемпионы, әлемнің бес, Еуропаның үш дүркін чемпионы атақты Хаджимурат Гацалов Алматыдағы Еркін күрес академиясымен келісімшартты үзді, деп хабарлайды ALAMAN спорт порталы.

Мұндай тосын жаңалықты ешкім күтпеген болар. Қазақстан спортшыларын биіктерге жетелеймін деп келген маман, асығыс қадамға неге барды? 

Дегенмен ресми емес деректерге сүйенсек, Гацалов  Владикавказға қайта оралады екен. Оған бірнеше себеп бар көрінеді.  Sputnik-ossetia.ru сайтындағы ақпарат бойынша, ол Владикавказ қаласы өкілдері жиынының депутаты лауазымына тағайындалыпты. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы Еркін күрес академиясы 2017 жылы ҰОК қолдауымен ашылды және оған Хаджимурат Гацалов бас бапкер ретінде қызметке тұрған болатын.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру