Хоккей 03 Қаңтар, 2019 (0) (241)

Хенрик Карлссон - желтоқсан айының үздік қақпашысы


Құрлықтық хоккей лигасы – Ресей чемпионаты чемпионатының үздік хоккейшілерін анықтау жөніндегі Комиссия ҚХЛ орталық ақпарат бюросының статистика бөлімі ұсынған ойыншылардың статистикалық мәліметтері және матчтардың аналитикалық бағасы негізінде желтоқсан айындағы лауреаттарды төрт номинация бойынша анықтады.

9 матчтың алтауында жеңіске жетіп, оның екеуінде қақпасына шайба жібермеген «Барыс» ХК кипері Хенрик Карлссон желтоқсан айының үздік қақпашысы атанды. Қазақстандық клуб қақпашысы 94,90%  соққыны қайтарған, бұл осы айдағы ең үздік нәтиже екенін айта кету керек. Карлссонның гол жібермеген уақыты 176 минут 52 секунд, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

 



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру