Бокс 07 Қаңтар, 2019 (0) (81)

Мұса Тұрсынғалиев танымал боксшылармен бірге жаттықты

Қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев америкалық Теофимо Лопес және британдық Люк Кэмпбэлмен бірлескен жаттығу жұмыстарын өткізді.


«Даму үшін мықтылармен бірге жаттық», — деген жазумен Мұса Тұрсынғалиев Теофимо Лопес және Люк Кэмпбэлмен бірге өткізген жаттығу жұмыстарын фото жүктеді. 


Айта кетейік, Мұса Тұрсынғалиев кәсіпқой бокста 8 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен. Соңғы кездесуінде 28 қыркүйек күні колумбиялық Дэйви Хулио Бассуды ұтқан.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру