Күрес 15 Қаңтар, 2019 (0) (194)

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Ташкентте жаттықты

Қаңтардың 6-12 аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан бес мемлекет спортшыларының қатысуымен халықаралық жаттығу лагері өтті.

Жаттығу лагеріне Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Қазақстан дзюдошылары қатысты. 


Ұлттық құраманың бас бапкері Айдын Смағұловтың айтуынша, бірлескен жиын спортшылар үшін сәтті өткен. 


«Халықаралық жаттығу лагеріне жалпы есебі 500-ге жуық дзюдошы қатысты. Ресейліктер үш команда алып келді. Біздің құрама сапынан Ерлан Серікжанов (66 келі) пен Дидар Хамза (81 келі) ғана бара алған жоқ. Олар медициналық тексеруден өтуде. Жастар құрамасынан 10 спортшының ерте бардық. Жалпы алғанда, жаттығу лагері ешқандай жарақатсыз, жақсы өтті», - дейді Смағұлов. 

Бас бапкердің айтуынша, команда мүшелері жаңа жылдық демалыс кезінде сегіз күн үзіліс алып, жаттығуға қайта кіріскен. 


«Енді Жапонияда өтетін халықаралық жаттығу жиынына қатысамыз. Жиынға бірнеше мемлекет қатысады деп күтілуде. Кейін спортшылардың жылдың алғашқы жарысы – Париждегі Grand Slam додасы күтіп тұр. Одан соң, Дюссельдорфтағы турнир басталады. Осылайша, жарыстар тізбегі бір-бірімен жалғасып кете бермек. Келесі жылы Олимпиада ойындары өтеді. Сондықтан, рейтингілік ұпайды мейілінше көп жинауға тырысамыз», - деді дзюдодан құрама бас бапкері Айдын Смағұлов.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру