Alaman Ақпарат 16 Қаңтар, 2019 (0) (248)

Өскеменде жеңіл атлетикадан Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін халықаралық турнир өтеді

19 қаңтар күні Өскемен қаласында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді.


Жарысқа 9 мемлекеттің спортшылары қатысады. Нақтылап айтсақ, Украина, Грузия, Түркия, Беларусь, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан спортшылары Рыпакова жүлдесіне таласпақ. 


Атлеттер төмендегі дисциплиналар бойынша сынға түседі: 


1. 60, 400, 800 және 3000 метрге жүгіру;


2. 60 метрге кедергілер арқылы жүгіру;


3. Сырықпен секіру


4. Биіктікке секіру


5. Ұзындыққа секіру


6. Үш қарғып секіру


7. Эстафета


Жарыстың негізгі бөлігімен бірге «Алтай» клубының балаларға арналған Athletics KIDS CUP турнирі де өтетінін еске саламыз. 


Ашылу салтанаты 16:00-ге жоспарланған. 



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру