Футбол 16 Қаңтар, 2019 (0) (50)

"Ордабасының" жаттығу жиынындағы қарсыластары белгілі болды

Шымкенттік "Ордабасы" клубы 23 қаңтар күні Түркияның Антальия қаласында оқу жаттығу жиынына аттанады. Жаттығу жиыны барысында шымкенттік команда сегіз жолдастық кездесу өткізуде жоспарлап отыр. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. 


Атап айтқанда "Ордабасы" Ресейдің «Зенит-2», Өзбекстанның «Андижан», Болгарияның «Славия» және сербиялық «Пролетер» командаларымен кездесіп, жаңа маусымға дайындығын пысықтамақ. 


Естеріңізге салсақ, "Ордабасы" өткен маусымда ел біріншілігінің қортындысы бойынша төртінші орыннан көрінген. Биыл олар ел намысын Еуропа лигасында қорғайтын болады.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру