Футбол 17 Қаңтар, 2019 (0) (235)

Ласло Кляйнхайслер "Астанадан" кетті

"Астана" командасының жартылай қорғаушысы Ласло Кляйнхайслер клуб ауыстыруды жөн көрген. Венгрия құрамасының жартылай қорғаушысының таңдауы хорватиялық "Осиек" командасына түскен.

Ласло "Астанаға" немістің "Вердер" командасынан 2017 жылы ауысып келген болатын. Елордалық ұжым үшін премьер лигада 31 кездесу өткізген.

Жаңа клубымен  Ласло Кляйнхайслер үш жарым жылға келісімге отырды. "Осиек" Хорватия чемпионатында он сегіз турдан соң екінші орында келе жатыр. Бірінші орындағы "Динамо Загреб" олардан он бір ұпайға ұзап кеткен.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру