Теннис 17 Қаңтар, 2019 (0) (239)

Путинцева мен Дияс жұбы Australian Open турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева мен Зарина Дияс Australian Open турнирінің жұптасып өнер көрсету сынын сәтті бастады, деп хабарлайды Alaman.kz.


Жерлестеріміз алғашқы айналымда ресейлік Ирина Хромачева мен словениялық Далила Якупович жұбын жеңді. 1 сағат 24 минутқа созылған кездесудің қортынды есебі — 6:3, 6:4.

Келесі айналымда қазақстандықтар чехиялық  Барбора Стрыцова — Маркета Вондрусова жұбымен жолығада. 


Естеріңізге салсақ Юлия мен Зарина үшін Australian Open турнирінің жекелей сыны аяқталған. 

Зарина алғашқы айналымда сербиялық Александра Круничтен жеңілген
Ал Юлия болса бірінші айналымда чехиялық теннисші Барбора Стрыцованы жеңгенімен, екінші айналымда Швейцария елінің теннисшісі  Белинда Бенчичтен жеңіліс тапты


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру