Футбол 17 Қаңтар, 2019 (0) (94)

Станимир Стойлов Қазақстан құрамасымен келісімді үзді

Қазақстан футбол федерациясы мен ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стойлов екі жақты келісім бойынша еңбек шартын үзді, деп хабарлайды Alaman.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Болгариялық маман Станимир Стойлов Қазақстан Ұлттық құрамасын 2018 жылдың наурызында басқарған еді. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы үш жолдастық матч өткізді. Сондай ақ "Ұлттар лигасында" ойнап өз тобында екінші орыннан көрінді. 


Қазақстан ұлттық құрамасына дейін Станимир Стойлов "Астана" клубының бапкері болған. 


Қазақстан футбол федерациясы Станимир Стойлов пен оның жаттықтырушылар штабына қазақстандық футболды дамытуға қосқан үлесі мен атқарған еңбегі үшін алғыс білдіріп, арқасына шапан жауып шығарып салды. 

Кейбір ақпарат көздері Станимир Стойлов Шымкенттің "Ордабасы"клубының бас бапкері атануы мүмкін деген ақпарат таратуда. 



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру