Футбол 20 Қаңтар, 2019 (0) (379)

Футзалдан журналистер лигасының екінші тур ойындары өтті

Бүгін Алматы қаласында журналистер лигасының екінші туры өтті. Қайығы желге өрлегендер жеңіске жетті, аяғы тұсалғандар жеңіліске ұшырады.

«Жігер» — «Айбын» 5:6 (2:5)

 Голдар: Дәурен Берікқажы, 2  (1:0), Әлім Келбетов, 3, 6 (1:2), Жанарбек Әшімжан, 8 (2:2), Есей Жеңісұлы, 9 (2:3), Қуандық Шынасыл, 10 (2:4), Әлім Келбетов, 13 (2:5), Дәурен Берікқажы, 17 (3:5), Дәурен Берікқажы, 19 (4:5), Қуандық Шынасыл, 25 (4:6), Дәурен Берікқажы, 28 (5:6)

Қақпаға дәл бағытталған соққылар: 12 — 12

«Жігер»: Жанарбек Әшімжан, Алмас Сәдуақас, Нұржан, Дәурен Бабамұрат, Мадияр Арстанбаев, Әлібек Байбол, Жарас Ниязбек, Дәурен Берікқажы.

«Айбын»: Есей Жеңісұлы, Айбар Рысдаулет, Фархат Сеитов, Қуандық Шынасыл, Ернат Ысқақ, Нұрлан Наурызәлиев, Руслан Ербота, Дәнеш Байболат, Ерғали Бақаш, Әлім Келбетов.

Алдымен «Жігер» шабуылшысы Дәурен Берікқажы ағын судай екпіндеп барып, алғашқы голды торға бір-ақ тоғытқан.  3-минутта Әлім Келбетов қарсыластарына апай таптырмай, есепті теңестіріп кетті. Араға үш минут салып Әлім дубль авторы атанды. Бұдан кейін қайрауы жеткен Жанарбек Әшімжан, Есей Жеңісұлы, Қуандық Шынасылдар құр алақан қалмады. Дәурен Берікқажының покер жасағанын айта кету керек. «Айбынның» жігіттері бір доп айырмасымен жеңіске жетті.

«Тұлпар» — «Намыс» 1:7 (0:3)

 Голдар: Өмірбек Сансызбай 4 минут (0:1), Ақын Ордабай 5 минут (0:2), Исламбек 10 минут (0:3), Нұрлан Ақынбаев 18 минут (0:4), Саттар Ерназаров 19 минут (1:4), Өмірбек Сансызбай 20 минут (1:5), Ақын Ордабай 22 минут (1:6), Нұрлан Ақынбаев 30 минут (1:7).

Ескерту алған: Қанат Байұзақов (Тұлпар).

Қақпаға дәл бағытталған соққылар: 9 — 16

 «Тұлпар»: Жандос Айтбайұлы, Азиз Тастаев, Совет Сейітов, Тастанбек Жұмахан,  Алмас  Құсман, Қанат Байұзақов, Жамбыл Бұлан, Саттар Ерназаров.

«Намыс»: Ақын Ордабай, Исламбек, Өмірбек Сансызбай, Рустам Сағадиев, Асхат Қылышбек, Абзал Сүлеймен, Алмас Нүсіп, Әнуар Кәрбозов, Ерлан Әбдір, Жарас Кемелжан, Нұрлан Ақынбаев.

Өткен турда ірі жеңіліске ұшыраған «Намыс» ұжымы бұл жолы қарсыластарына бейіл бермеді. Команда капитаны, ардагер Ақын Ордабай, команда шабуылшысы Өмірбек Сансызбай және Нұрлан Ақынбаев мәшіне қонып, қос-қостан доп соқты. Сондай-ақ Исламбек Ибраимов бір голдың авторы атанды. Тобан аяқтанған тұлпарлықтар бір голмен ғана жауап қатты.

«Бірлік» — «Қыран» 7:2(3:0)

Голдар: Қосқанат Көпжасар 2 минут (1:0), Исмайыл 9 минут (2:0), Қосқанат Көпжасар 13 минут (3:0), Амангелді Сейтхан 18 минут (3:1), Дулат Кәрібаев 20 минут (4:1), Қосқанат Көпжасар 25 минут (5:1), Бауыржан Жақсымбет 27 минут (5:2), Дулат Кәрібаев 29 минут (6:2), Қосқанат Көпжасар 30 минут (7:2).

Ескерту алған: Қосқанат Көпжасар («Бірлік»).

Қақпаға дәл бағытталған соққылар: 11 – 9

«Бірлік»: Шоқан Махан, Қосқанат Көпжасар, Манас Қайыртай, Ерқанат Көпжасар, Қуаныш Бажақ, Диас Нұрақын, Дәурен Дариябек, Алмат Исаділ, Рауан Оқас, Дулат Кәрібаев, Исмайыл.

«Қыран»: Срайыл Смайыл, Амангелді Сейтхан, Бауыржан Жақсымбет, Дархан Келбетов,  Қазбек Қашқабай, Ғалымбек Сымбат, Серік Ноянбай, Қанат Әбілқайыр.

«Қыранның» шиыршық атқан жігіттері қайрауы жеткен қылыштай қимылдады. Әсіресе оңқай асықтай жылдам Дулат Кәрібаев «тоқымы кеппестің» дәл өзі екен. Оған жел жетпейтін Қосқанат Көпжасарды қосыңыз. Екеуара алты голды жаңбырдай жаудырған қос ойыншының бұл матчта табандары қызды деуге болады. Тегеуріні төрт елі қақпашы Шоқан Махановтың қимылына көз сүйсінді. Дегенмен Амангелді Сейітхан мен Бауыржан Жақсымбеттер орайын тауып қанжығаларын майлап алды. Сөйтіп «Қыран» қақас қалды.

Екі тур нәтижесінде «Бірлік» командасы топ бастады. Олардың еншісінде екі жеңіс бар. Қарсыластарына 12 гол салып, екі гол ғана жіберген олар, дәл сол гол айырмашылығымен «Айбынды» артқа тастады. Айбындықтардың да ұпайы түгел. Одан кейін «Намыс» командасы үшінші орынға үш ұпаймен жайғасты. «Жігер» жалғыз ұпайға қанағаттанып,  төртінші орынға түсіп кетті. «Жігерден» үш гол кем соққан «Қыран» 5-орынды місе тұтса, тұрасы таусылған «Тұлпар» екі матчта да ұпай ала алмады.

 Үздік сұрмергендер:      

1. Қосқанат Көпжасар – 7(«Бірлік»)      

2-3. Әлім Келбетов – 6 («Айбын»)      

2-3. Дәурен Берікқажы — 6(«Жігер»)      

4. Дулат Кәрібаев – 4(«Бірлік»)


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру