Alaman Ақпарат 21 Қаңтар, 2019 (0) (347)

Жылды қорытындылады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысымен биыл «Жастар жылы» болып жарияланғаны белгілі. Семей қаласында «Жастар жылы» аясында ауқамды деңгейдегі іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Аталмыш «Жастар жылы» аясында Шығыс Қазақстан облысының Таэквондо федерациясы өткен жылды қорытындылады.

 Жыл жетістіктерін жіпке тізген қорытынды жиын салтанатты жағдайда өтіп, үздік спортшылар мен үздік бапкерлер марапатталды. Өңір таэквондошыларының қорытынды жиынына Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова қатысты. Қазақ топырағы шығыс жекпе–жегінің ең танымал түрі таэквондо өнерін Мұстафа Өзтүрік арқылы білді. 90-шы жылдардың басында елімізде дами бастаған аталмыш спорт түрі бүгінде қанатын кеңге жайған. Оған дәлел, бір ғана Шығыс Қазақстан облысындағы Таэквондо федерациясын айтуға болады. Қазіргі таңда федерацияда 20 жуық бапкер болса, 600-ге жуық спортшы осы спорттың түрімен кәсіби түрде айналысады. «2018 жыл федерация үшін жемісті жыл болды», - дейді ШҚО Таэквондо федерациясының президенті Махаббат Советхан. Оның айтуынша, өткен жылы федерация бапкерлері 3 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 13 спорт шеберін және 14 спорт шебіріне үміткерлер дайындаған. Шымкент, Алматы, Қарағанды, Екібастұз қалаларында өткен халықаралық жарыстарда біздің таэквондошылар жақсы өнер көрсеткен. Бұдан бөлек, халықаралық деңгейдегі жарыстарда да ШҚО Таэквондо федерациясының спортшылары топ жарған. Атап айтқанда, Моңғолияның Ұлан – Батыр қаласында өткен Азия чемпионатында, Беларусь астанасы Минск қаласында өткен Әлем Кубогында даянг шеберлері жақсы өнер көрсеткен.                                                       Қорытынды жиында таэквондо әліппесін енді ашқан кішкентай спортшыларына да қолдау көрсетіп, грамоталар табыс етті. Өйткені олар да ертең дүбірлі жарыстарда шығыстың намысын қорғайтын мықты спортшыларға айналатыны сөзсіз. Оған федерация бапкерлері бек сенімді.

Е.ЖАНАТ, Семей қаласы.      

 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру