Теннис 30 Қаңтар, 2019 (0) (343)

Рафаэль Надаль он төрт жыл жүрген қызымен үйленбек

Әлемнің екінші ракеткасы Рафаэль Надальдың биыл үйленетіні белгілі болды, деп хабарлайды Hola.

Жас жұбайлар осы жылдың күзінде отау тігуді жоспарлап отыр. Хиске Мария Перелломен Надаль 2005 жылдан бері кездесіп келеді. 

Рафаэль Надаль "Үлкен дулыға" санатына енетін жарыстарда он жеті рет топ жарған. Сондай-ақ Олимпиада ойындарында екі рет тұғырдың ең биік сатысына көтерілген. Күні кеше испандық теннисші Аустралия ашық біріншілігінің финалына шығып, серб теннисшісі Новак Джоковичқа есе жіберді. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру