Қысқы спорт 05 Ақпан, 2019 (0) (213)

Тұрсынбаева мен Манько «Төрт құрлық чемпионатына» қатысады

Бүгін АҚШ-тың Анахайм қаласында мәнерлеп сырғанаудан «Төрт құрлық чемпионаты» турнирі басталады.


Америка, Азия, Африка, Австралия мен Океания аймағының спортшылары арасындағы ірі бәсекеден қазақстандықтар да сырт қалмайды.


5-10 ақпан аралығында өтетін чемпионатқа Қазақстан атынан Элизабет Тұрсынбаева мен Никита Манькоқатысады. 


Элизабет Тұрсынбаева турнирге дайындық кезеңін Мәскеуде, бапкері Этери Тутберидзенің қол астында өткізді. Анахайм айдынында біздің спортшы кіл мықтылармен бірге сынға түспек. Атап айтар болсақ, Гран-при турнирлерінің жеңімпазы, жапондық Рика Кихира, Маи Миахара, Каори Сакомото, сондай-ақ, Канаданың екі дүркін чемпионы Ален Шартрандар чемпионатта бақ сынайды. 


«Төрт құрлық чемпионаты» аяқталған соң, Тұрсынбаева Ресейде өтетін Универсиада ойындары мен Жапониядағы әлем чемпионатына қатысады. 


Ерлер арасында Никита Манько аталған турнирге алғаш рет қатысқалы отыр. 


Әйелдер бәсекесі 7 ақпанға, ерлер додасы 9 ақпанға жоспарланған. 


Былтырғы маусымда «Төрт құрлық чемпионатын» әйелдер арасында жапониялық Каори Сакомота, ерлер арасында қытайлық Цзинь Боян жеңіп алған. 


ҰОК баспасөз қызметі


Алматы облысында дзюдо спорты қарқынды дамып келеді


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру