Күрес 05 Ақпан, 2019 (0) (233)

Грек-рим күресінен ел біріншілігі: Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы

Шымкентте Қазақстан Республикасы Спартакиадасы аясында өтіп жатқан күрес түрлерінен ел чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды.


Турнир шымылдығын грек-рим күресінің балуандары ашқан болатын. Бүгін бес салмақ дәрежесі бойынша финалистер анықталды. 


Грек-рим күресінен 55 келідегі алтын тағдырын алматылық Қорлан Жақанша мен Солтүстік Қазақстан облысының балуаны Аманғали Бекболатов арасындағы белдесу шешеді. 


60 келіде финалға Ақтөбе облысының қос балуаны шығып отыр. Әлем чемпионатының жүлдегері, тәжірибелі Мейрамбек Айнағұлов пен оның жерлесі Нұрболат Темірбаев өзара мықтыны анықтайды. 


72 келідегі финалдық сында ұлттық құрама үздігі, Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері Демеу Жадыраев (Алматы облысы) пен қарағандылық Ибрагим Магамадов кездеседі. 


77 келіде қостанайлық Темірлан Шадукаев пен Алматы облысының балуаны, Олимпиада ойындарының қатысушысы Асхат Ділмұхамбетов қара үзіп шықты. Олар ертеңгі финалдық сында осы салмақтағы чемпиондық атаққа таласпақ. 


97 келіде қарағандылық балуан, Азия ойындарының жүлдегері Ерұлан Ысқақов пен шымкенттік Әлімхан Сыздықов белдеседі.


Финалдық белдесулер ертең сағат 16:00-де басталады. 


ҰОК баспасөз қызметі


IBO рейтингісі жаңарды. Боксшыларымыздың жағдайы қалай?


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру