Қысқы спорт 08 Ақпан, 2019 (0) (221)

Төрт құрлық чемпионаты: Тұрсынбаева қысқа бағдарламадан соң 6-шы орында

АҚШ-тың Анахайм қаласында мәнерлеп сырғанаудан «Төрт құрлық чемпионаты» турнирі басталды. Қысқа бағдарламадан соң Элизабет Тұрсынбаева 6-шы орында келеді деп хабарлайды Olympic.kz.


Төрешілер Тұрсынбаеваның қысқа бағдарламасын 68.09 ұпайға бағалады. 

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша америкалық Брэди Теннел 73.91 ұпаймен көш бастап тұр.

Екінші орында 73.36 ұпай жинаған, былтырғы чемпион Каори Сакомото.

Үшінші сатыда тағы бір америкалық спортшы Мэрайя Белл. Ол 70.02 ұпай жинады.

Ал биылғы маусымдағы Гран-при турнирінің жеңімпазы, жапониялық Рика Кихира 68.85 ұпаймен 5-ші орында.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру