Бокс 12 Ақпан, 2019 (0) (151)

Данияр Елеусінов АҚШ-та алтыншы жекпе-жегін өткізеді

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің алтыншы жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды.


BoxRec.com сайтының мәліметінше, қазақстандық боксшы 15 наурыз күні Филадельфиядағы (Пенсильвания штаты, АҚШ) Liacouras Center кешенінде шаршы алаңға шығады. Әзірге оның қарсыласы белгісіз.


Кештің басты жекпе-жегінде екінші жартылай жеңіл салмақта IBF чемпионы Тевин Фармер мен ирландиялық Джоно Кэрролл қолғап түйістіреді.


Айта кетейік, Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін 25 қараша күні Монакода өткізген болатын. Кәсіпқойдағы бесінші кездесуінде никарагуалық Маркос Мориханы (16-2-2, 12 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру