Теннис 13 Ақпан, 2019 (0) (68)

Үстел теннисінен ұлттық құраманың үздігі неміс клубына ауысты

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшы ойыншыларының бірі Кирилл Герасименко немістің SV Werder Bremen клубымен келісімшартқа отырды.


Енді қазақстандық спортшы 2013 жылғы Бундеслига чемпионы SV Werder Bremen (Германия, Бремен) командасының сапында өнер көрсетеді. Жаңа командасының сапында алғашқы матчын тамыз айында өткізеді.


Айта кетейік, Кирилл Герасименко үстел теннисінен олимпиада ойындарына (2016 жылы, Рио-де-Жанейро, Бразилия) жолдаманы жеңіп алғашқы алғашқы қазақстандық спортшы.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру