Киберспорт 14 Ақпан, 2019 (0) (50)

Қазақстандық киберспорт командасы халықаралық турнирдегі алғашқы жеңісіне жетті

Польшада өтіп жатқан Katowice Major халықаралық турнирінде қазақстандық AVANGAR командасы бірінші жеңісіне жетті.


Топтық кезеңнің алғашқы кездесуінде AVANGAR австралиялық Renegades командасынан 8:16 есебімен жеңіліп қалған болатын. Ал екінші ойында 16:14 есебімен бразилиялық FURIA eSports командасын ұтты. 1,33 ұпай жинаған AVANGAR-дың ойыншысы Бектияр fitch Бақытов кездесудің үздігі атанды.


Қазіргі уақытта қазақстандық команда топта тоғызыншы орында тұр. Келесі кезеңге сегіз команда өтеді. Келесі ойында AVANGAR француздың G2 Esports киберспортшыларымен кездеседі.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру