Ауыр атлетика 25 Ақпан, 2019 (0) (192)

Шымкент қаласында ауыр атлетикадан жеке-командалық Қазақстан Республикасы кубогы және чемпионаты өтіп жатыр

24 ақпанда Шымкент қаласындағы «БИИК» спорт базасында ауыр атлетикадан әйелдер мен ерлер арасында жеке жаттығулар бойынша жеке-командалық Қазақстан Республикасы кубогы және чемпионаты басталды. Жарыс 2-наурыз күні аяқталады.

Додаға Қазақстанның 11 облысы мен үш қаласынан (Алматы, Астана, Шымкент) 142 атлет (ерлер – 81, әйелдер – 41) бақ сынауға келді.

Юрий Мельников, ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы:

Бұл турнир республикалық деңгейде өтеді, десек те жарыс деңгейі өте жоғары.

Мұнда көптеген бірінші нөмірлі спортшылар қатыспайды, себебі олар Азия чемпионатына дайындалып жатыр. Оның үстіне, олардың көбі Тайландтағы ЕГАТ кубогына және Қатар кубогына қатысып келді.

Жаңадан мықты атлеттер пайда болады деп үміттенемін. Бұл сайыстағы ең күшті командалар деп мен Алматы, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстары дер едім.

Өтіп жатқан біріншілік аясында Қазақстан Республикасы ауыр атлетика федерациясы басшылығы Ұлттық құрама команда мүшелері және бапкерлермен кездесті. Жаттығу жиындарыны жағдайын жақсарту, Азия чемпионатына дайындық және допингке қарсы саясат жайлы сөз қозғалды.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру