Хоккей 22 Наурыз, 2019 (0) (199)

«Барыс» қолда тұрған жеңісті ұстап қала алмады

Осылайша жерлестеріміз Гагарин Кубогы үшін таластан шығып қалды.

Хоккейден Гагарин кубогының плей-офф кезеңіндегі «Барыс» пен «Авангард» арасындағы бесінші ойында қонақтар жеңіске жетіп келесі кезеңге өтті. 

Кездесуді жерлестеріміз сәтті бастаған. Тіпті таблодағы есеп 2-0 жетіп жігіттеріміз ұтып жатқан. Алайда айдын қожайындары жігерсіздік танытып жеңісті есепті ұстап қала алмады. Қонақтар бірінен соң бірі бес шайба салып «Барыс» ойыншыларын есеңгіретіп тастады. 

Құрлықтық хоккей лигасы

«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Авангард» (Омбы, Ресей) 3:5 (1:0, 1:4, 1:1)
Сериядағы есеп: 1:4

Шайбалар:
1:0 — 10:28 Фрэттин (Боченски, Волк). Тең құрамда
2:0 — 20:27 Фрэттин (Боченски). Тең құрамда
2:1 — 23:24 Пивцакин (Деарне, Галимов). Тең құрамда
2:2 — 23:55 Петров (Тальбо, Широков). Тең құрамда
2:3 — 35:04 Бек (Франсон, Шумаков). Артық құрамда
2:4 — 36:25 Широков (Франсон, Бек). Артық құрамда
2:5 — 44:02 Чудинов (Пивцакин, Франсон). Тең құрамда
3:5 — 59:50 Михайлис (Сагадеев, Шевченко). Тең құрамда

«Барыс»: Граховина 00:00-36:25, Карлссон 36:25-60:00 — Шалапов, Семёнов, Липин, Ибрайбеков, Сведберг, Данияр, Маклюков — Михайлис, Волк, Петухов, Акользин, Боченски, Кормье, Фрэттин, Бойд, Гурков, Сагадеев, Шевченко, Әсетов;

«Авангард»: Бобков — Франсон, Бондарев, Покка, Емелин, Мартынов, Чудинов, Пивцакин — Манукян, Фисенко, Дерне, Кошелев, Стась, Галимов, Тальбо, Широков, Бек, Шумаков, Яремчук, Петров, Семёнов. 

Айып уақыты: 6:0 (0:0, 4:0, 2:0)

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру