Футбол 24 Наурыз, 2019 (0) (596)

Орыстар оңдырмады...

Қазақстан құрамасы Ресейден ірі есеппен жеңілді.
Футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Ресеймен ойнап жеңіліс тапты. 

Алғашқы турдағы Шотландиямен болған ойынмен салыстырғанда біздің құрама қатарында бірнеше өзгеріс болған. Жарақаты салдарынан алаңға шыға алмаған Темірлан Ерланов пен Евгений Постниковтың орнын Елдос Ахметов пен Юрий Логвиненко басқан.  Михал Билек Шотландиямен болған кездесуде гол соққан оң қапталдағы қорғаушы Ян Вороговскийді Абзал Бейсебековпен алмастыруды да жөн көрген. 

Кездесуді ширақ бастаған қонақтар дегендеріне ойынның 19-шы минутында жете алды. Ионов көтерген допты голға айналдырған Денис Черышев болатын. Дәл осы Черышев бірінші тайм аяқталар тұста есепті еселеді. 
Екінші таймда да біздің құраманың орындауында футбол көре алмадық. Қайта қонақтар қақпамызды жиі-жиі мазалаумен болды. Тіпті 15 ойын бойы гол соға алмай келген Артем Дзюба да біздің қақпадан саңлау тапты. Ол аз болғандай Абзал Бейсебеков өзіміздің қақпамызға гол соғып есепті 0-4 жеткізді. Тек осыдан соң ғана қонақтардың шабуылы саябырсыды. 

Естеріңізге салсақ, Еуропа чемпионатына іріктеуді Қазақстан құрамасы сәтті бастаған. Үш күн бұрын "Астана-Аренада" өткен ойында біздің жігіттер Шотландия құрамасын ірі есеппен жеңген болатын.  

Еуропа чемпионатына іріктеу

Қазақстан - Ресей 0-4


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру