Қысқы спорт 27 Наурыз, 2019 (0) (192)

Элизабет Тұрсынбаева өнеріне Алматы жұртшылығы куә болады

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева атақты Денис Тенді еске алуға арналған номерін орындайды.

Жапонияның Сайтама қаласында аяқталған Әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алған қазақ қызы Элизабет Тұрсынбаеваның өнерін Алматы жұртшылығы өз көзімен көретін мүмкіндікке ие. 

19 жасар Элизабет Тұрсынбаева Almaty Arena сарайында 30 наурызда өтетін Илья Авербухтың «15 лет успеха» мұз шоуына өнер көрсететін болды

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева атақты Денис Тенді еске алуға арналған номерін орындайды.

Аталған шоу шоуы 30 наурызда Almaty Arena сарайында 19:30-те басталады. 
Бұл концертте Элизабет Тұрсынбаевадан өзге Ресейдің белгілі сырғанаушылары Алексей Ягудин, Роман Костомаров, Максим Маринин, Оксана Домнина, Максим Шабалин, Мария Петрова, Алексей Тихонов, Маргарита Дробязко, Повилас Ванагас, Албена Денкова, Максим Ставиский өнер көрсетеді. 

2019 жылы Илья Авербухтың продюсерлік орталығының ашылғанын 15 жыл толады. Осы уақыт аралығында бұл орталық мұз айдыны шоу индустриясында ойып тұрып орын алды.

Автор: Жұмаділ Сарқытбай



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру