Хоккей 03 Сәуір, 2019 (0) (275)

Петров кубогы «Сарыарқаға» бұйыра ма?

Бүгін Жоғарғы Хоккей Лигасының плей-оффтық кездесуінде қарағандылық «Сарыарқа» Санкт-Петербургтың «СКА-Нева» клубымен кездеседі, – деп хабарлайды Alaman спорт порталы.


«Петров кубогы» аясында бағын сынап жатқан қарағандылық «Сарыарқадан» маусым басында жоғарғы нәтиже көрсетеді дегенге өз жанкүйерлерінен басқа ешкім сенбеп еді. Себебі, спорт мамандары чемпионат барысында небары 10-шы орыннан көрінген командаға қарағанда топ жарған «СКА-ның» фарм клубы «СКА-Нева», «Нефтяник», «Рубин», «Торос» сынды клубтардың мүмкіншілігі жоғары деп санаған. Алайда «Сарыарқа» алғашқы айналымда 7-ші орыннан көрінген «Югра»-ны 3:0 сериялық есебімен жеңсе, екінші айналымда күміс жүлдегер «Нефтяниктен» 4:3-пен басым түсіп, спорт мамандары жеңісті «сенсация» ретінде бағалады. Ал жартылай финалда оларды бұдан да қиын кездесу, яғни чемпионатты 1-ші орынмен тәмамдаған «СКА-Нева» күтіп тұрған еді. Дегенмен, «Сарыарқа» қиыншылыққа тап болудың орнына 3:0 сериясымен алда келеді. Ал орыс басылымдары ендігісі  «СКА-Нева» қашан жеңеді деп емес, қашан гол соғады деп күткен. Әйтеуір дегенде кеше олар алғашқы голын соға алды. Алайда «Сарыарқа» 3:1 есебімен басым түсті.

Орыс мамандары жеңісті жолдың басты сыры – бас бапкер Леонид Тамбиевтың мықтылығы деп «Сарыарқаға» алдын-ала жеңімпаз титулын беріп те үлгерді. Ал Тамбиевты «Құрлықтық Хоккей Лигасына» жоғарлатты.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін «Сарыарқа» клубы  Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:30-да «СКА-Неваға» қарсы 4-ші ойынын өткізеді. Егер жеңіп жатса, финалға шығып, «Торос» немесе «Рубинның» қай жеңгенімен кездеседі.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру