Желідегі жазбалар 07 Сәуір, 2019 (0) (178)

Конор МакГрегор - ең адал спортшы!

Ережесіз жекпе-жектің ережесіз патшасы болып жүрген Конор МакГрегор туралы әңгіме айтылса, мұсылмандардың шашы тік тұратын болды. Оған себеп - Хабиб Нурмагомедовпен арасында болып жатқан соңғы жанжалдар.


Хабиб соңғы постында ирландиялық спортшыны "жеңіл жүрісті әйелге" теңеді. Конор да қарап қалмады. Әдеттегідей Хабибтің туыстарына тиісті. Бұл жолы дағыстандық спортшының әйелін алдымен "ешкі" десе, кейін "орамал" деді.

Мүмкін бұл екі спортшының екінші кездесуіне жасалып жатқан жарнама шығар. Конор мұндай жарнамаларды қатырады. Бірақ менің ойымша, шектен шықпау керек сияқты.

Негізі айтқым келгені бұл емес еді. Конорды мақтағым кеп тұр. Себебі, ол спортқа, ережесіз жекпе-жекке ең адал спортшы.

Бүгін ғана USADA (спортшылардың допингке қатысы бар, не жоқ екенін тексеретін ұйым) UFС тариxындағы допингтен ең көп таза өткен спортшылардың тізімін жариялады. Көшті Конор бастап тұр. Ол 49 рет тест тапсырып, барлығынан таза өткен. Түсіне білгенге бұл өте мықты көрсеткіш.

Қазір спорт әлемінде екінің бірі болмаса да, әрбір үшінші спортшы допингпен ұсталады. Оның бірін білсек, бірінен бейxабармыз. Тіпті Мексика елі "Алтын балаға" теңеп жүрген Сауль "Канело" Альварес Головкинмен өтетін кездесудің алдында ұсталды. Лэнс Армстронг, Мария Шарапова секілді әлем жұлдыздары да допинг дауына ілікті.

Алысқа бармай-ақ қоялық. Төбемізге көтеріп, үлде мен бүлдеге бөлеп жүрген біздің Илья Ильин де чемпион болу үшін допингке жүгінді.

Ал жуырда қысқы спортымыздың королі деп жүрген Полторанин ше? Жұртты алдап, жүлде алып жүрді.

Конордың жеке басында шаруам жоқ. Бірақ мен оны спортшы ретінде сыйлаймын. Өйткені ол спортқа, жанкүйерлеріне адал!


Уәлихан Қосанбай, FB парақшасынан


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру